Page 41 - Теория кавитации
P. 41
«Шашырылатын мырыш бөлшектерінің саны ұрықтандырылған
жасушалардың сапасы туралы маңызды көрсеткіш болуы әбден мүмкін. Егер
жасушалардың жоғары сапалы екенін анықтай алсақ, онда эмбриондардың
сапалығы алдын ала анықталады, ал бұл дегеніңіз – болашақ ұрпақтың ден-
саулығы һәм өміршеңдігі», - делінген зерттеу қос-авторы Тереза К. Вудрафтың
пікірінде (Teresa K. Woodruff) [40].
Тұжырымдама. Қалай болғанда да, бұл бүкіл үдеріс – кавитацияның –
көпіршік-ату ерен құбылысының (КА-ЕҚ) жыныстық жасушалар арасындағы
әсері; бұл мәлімдеме келесі факторлармен түсіндіріледі (тікелей және жанама):
- жыныстық ұрықтардың кездесуінің нәтижесі не осы кездесудің соңындағы
әрекеттер:
-- біріншіден, люминесценция көпіршік-ату көрсеткіштерінің бірі болып
табылады – КА-ЕҚ заңды жалғасы, өйткені көпіршік-ату кезінде пайда болған
көпіршіктер жарылады – микро жарылыстар орын алады;
-- екіншіден, бұл микрожарылыстардың салдарынан температура көтеріледі;
-- үшіншіден, энергия өндіріледі, атап айтқанда, жылу – өмірге қажет энергия
өндіріледі;
-- төртіншіден, атомдар мен/немесе мырыш иондарының “минижанартауы”
атқылауы;
-- бесіншіден, дыбыстық дабылдау қосарланады (тәжірибешілер назар
аудармаса керек немесе бұнда қолданылған құрылғы – APS синхротрон бұған
бейімделмеген болуы да мүмкін);
- көпіршік-ату ерен құбылысының алдын алатын алғышарттар (жанама деп
қабылдайық):
-- біріншіден, КА-ЕҚ ағымы үшін табиғатта сперматозойд секілді тірі
ағзашада осмотикалық қысымнан бөлек қысым болуы керек, себебі ол АнЖЖ
(аналық жыныс жасушаға) шабуылдайды, сонымен қатар күш, қуат және энергия
оның шыққан көзінен даруы да заңды;
-- екіншіден, тиісті орта болуы керек – КА-ЕҚ орын алуы үшін белгілі бір
жұмыс ортасы болуы тиіс, бұл шарт орындалатыны сөзсіз – ата-аналық жұптың
жыныс мүшелерінің түйісуінің бастапқы нүктесі, осы мүшелер ішіндегі арналар,
олармен АтЖЖ (аталық жыныс жасуша) АнЖЖ қарай тасқындап жылжиды және
де бұл жасушалардың уақытша орналасуы мен көбейіп туындайтын орындары,
соның бірінен АтЖЖ АнЖЖ қарай қозғалысын бастайды, ал екіншісінде АнЖЖ
оны күтіп алады – кездеседі һәм жұптасады, мінеки, жарқыл басталады;
-- үшіншіден, осы КА-ЕҚ іске қосылуына арнайы алғашқы түрткі болуы да
шарт, бұның жайын қалыпты жағдай деп санауға болады – ұрпақ жалғастығы
деген инстинкт итермелейді.
Анықтама. Көпіршік-ату (кавитация – cavitation) деп, белгілі бір
алғышарттар орындалғанда, көпіршіктік құрылымдардың – қуыстардың арнайы
40