Page 39 - Теория кавитации
P. 39
Аңдатпа. Шетел авторларының бірқатар мақалаларында жыныстық
ұрықтардың шағылысуынан кейін эмбриондық жасуша әлі қалыптаспай тұрып,
алдын ала жасушалық сатыда басталатын метаболизм механизмінің кавитация –
көпіршік-ату құбылысымен байланыстылығы тұжырымдалады, яғни жасушалық
мембраналардың екі жағында миниатюрлік көпіршіктік құрылымдардың пайда
болуы туралы күдік бар [40]-[42]. Осы бап бұл құбылыстың шын мәнінде қалай
орын алатындығы жайлы кавитация теориясының мамандары емес, бірақ тіршілік
туралы ғылымның жоғары мамандандырылған салаларында – эмбриология, биота
морфогенезі, биотехнология және жалпы биологияда жақсы мамандар болып
табылатын біздің шетелдік әріптестеріміздің бұл болжамын қалайда ғылыми
тұрғыдан негізделуге болатынын көрсетуге арналған.
Кілттік сөздер: көпіршік-ату – кавитация, кавитион, көпіршік-ату ерен
құбылысы, жасушаның кавитиондық нобайы, бластоцист, трофэктодерм,
+
+
трофобласт, эмбриобласт, бластоцэль, иондық сорғы, Na /K -ATPase, ATP-
синтаза, кавитионның ci2 түрі, тіршілік ұшқыны, кавитиондық ci2-найзағай,
кавитиондық ci2-жанартау, кавитиондық ci2-тасымалдау, осмотикалық қысым,
бластоцисттің кавитиондық температура және энергетика тепе-теңдігі, өзін-өзі
реттеу, гомойотермия.
Кіріспе. «Құдайдың кереметі», «тіршілік ұшқыны» – бұлар адам нәсілінің
жаңа өмірінің пайда болуын болжап, керемет жаңғыруды ескере отырып
қолданылатын эпитеттер. Эмбриологияны еске түсірмей-ақ, биология, генетика,
биохимия, биотехнологияның дамығанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін бұл
эпитеттер қолданыста. Бұл жерде ЭКҰ – экстракорпоралдық ұрықтандыру
саласындағы жасампаз жетістіктерді мысал ретінде келтіру жеткілікті, яғни
заманауи медициналық практикадағы «in vitro» технологиясын айтамыз. «Тәңір
ғажайыбы» деген ұғымды әзірше жоққа шығара немесе тиянақтай да алмаспыз,
бірақ «тіршілік ұшқынына» қатысты біз нақты айтарымыз бар, тіпті ғылыми
тұрғыда – биология һәм медицина ғылымдары мен практикасының соңғы
жетістіктерін пайдалана отырып, соларға қоса кавитация – көпіршік-ату теориясы
тұрғысынан негіздеуге дайынбыз.
3.1 Аталық пен аналық ұрықтардың шағылысуы
кавитациялық ұшқындар туындатумен жалғасады
«АҚШ еліндегі Солтүстік-Батыс Университетінің ғалымдары –
сүтқоректілерінің сперматозоидтары мен аналық ұрықтарының шағылысуын
бақылау үшін тәжірибелер жүргізді. Олардың байқағандары: бұл үрдіс аналық
ұрықта толқындана пайда болып, жалғасатын «ұшқындаған жыпылықтаулар –
жарқылдар» мырыш атомдарының лек-легімен қуатты шашырап шығарылуымен
38