Page 37 - Теория кавитации
P. 37

түріндегі  кавитион  үшін  анти-бөлшек  болуға  тиіс,  оны  қалай  атайсыз  және  де
                  оның бар болуын негіздеуіңіз қалай болмақ? Бұл сұраққа былай жауап берер едік:
                  жалпы кавитион ұғымы жаңа ЭБ бар болуын дәлелдеуге, негіздеуге арналмаған,
                  жоғарыда фотон мен электронға қазғалыс дарытатын кавитионды ci1 f  және ci1 e
                  деп  белгіледік  қой,  сол  сияқты  позитронды  кавитионға  айналдырып,  оның
                  қозғалғыштығын  бейнелейтін  кавитионды  ci1 p  деп  белгілейміз  де,  қарастыра
                  береміз.
                        Осы  тыңдаушымыздың  тағы  бір  сұрағы:  Кавитион  ЭБ  ретінде  заттардың
                  қозғалысын туындатушы бөлшек дедіңіз, ал сонда оны мюон μ ЭБ салыстыруға
                                                                         +
                                                               -
                  бола ма? Жауап: Салыстыру емес, μ  және μ  мюондарын да ерекше қозғалғыш
                  екендерін ескеріп, тиісінше ci1 μ- және ci1 μ+ кавитиондары деп қарастыруға әбден
                  болады, бірақ-та бұл ЭБ пионның – π-мезонның ыдырауынан пайда болатынын
                  және  де  өте  аз  уақыт  өмір  сүретінін  ескеріп,  ең  алдымен  ci1 π  зерттеп  алған
                  қызығырақ болмақ – дегім келеді. Тағы бір ескеретін жәйт: нуклондық деңгейде
                  мюон араласа алмайтын әлсіз, күшті әсерлесуге пион араласады екен (Х. Юкава)
                  [26]-[27].  Дегенмен  де,  мюонның  да  бір  қызық  әрекеті  бар  екен:  ол  кейде
                  электронның  рөліне  еніп,  мюондық  атом  құрай  алатын  көрінеді,  міне  осы
                  жағдайда оған ci1 μ- кавитионы көмекке келмек, яғни электронды қалай қозғалысқа
                  келтірсе, дәл солай μ – мюонды қозғалтпақ!..
                        Осы бапта айтылғандарды қорыта отырып, айтарымыз: талқыланып отырған
                  бап Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ Физика-техникалық факультеті Радиотехника,
                  электроника  және  телекоммуникеациялар  кафедрасында  жаңа  2019  жылдың  1
                  ақпанында өткізілген ғылыми семинардың есеп беруі ретінде болғандықтан және
                  де  сұрақтардың  саны  да,  сапасы  да  бұл  жолы  мол  һәм  қомақты  болуымен
                  байланысты, солардың жартысына жуығы тиісті жауаптарын алды деп ойлаймыз,
                  ал жауабы берілмеген сұрақтар алдағы уақытта міндетті түрде қаралады.

                        Осы жерде айта кетуге тиіспіз: кейбір сұрақтар бұрынғы жарияланымдарда
                  қамтылған [28]-[34].

                        2.10 Алғыс білдірулер

                        Осынау  күрмеуі  оңайлықпен  шешіле  қоймайтын  ғылыми  түйінді  мәселені
                  талқылауға  атсалысып,  өз  ойларымен  бөліскен,  ақыл-кеңестерін  ортаға  салған
                  әріптестерім  Өткір  Қабылбекова  ханымға,  Арыстан  Сарсенов,  Нұрмұханбет
                  Ермеков, Оқас Құрманұлы, Жасұзақ Мұқан, Болатжан Дыбыспаев және Даурен
                  Садықұлы  Ахметбаев  мырзаларға  зор  ризашылықпен  шын  көңілден
                  алғысымызды  білдіреміз.  Осы  кісілердің  әрқайсысының  пікірі  осы  бапты  жазу
                  кезінде, тұжырымдар мен ойларды ширатқан кезде ескерілді һәм ықпал етті.
                        Біз ерекше Борис Евгеньевич Большаковты (2018 ж. бақилық болды) атап
                  өтіп,  оның  аруағына  тағзым  етеміз,  ол  кісімен  2001  жылдан  әріптес  болып,
                  шапағатын көрдік, тәлім алдық [35]-[36].


                                                                  36
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42