Page 42 - Теория кавитации
P. 42
бір субстанцияда пайда болып, мәжбүрлі түрде жарылып, содан күтулі және де
күтпеген соңғы әрекеттердің туындауын айтамыз.
Кейде бұл құбылысты немесе үдерісті көпіршік-ату ерен құбылысы (КА-ЕҚ)
немесе көпіршік-ату феномені (КАФ) деп те атаймыз.
Көпіршік-ату – өзіндік күшке һәм энергияға ие – олар көпіршік-ату күші
(КАК) және көпіршік-ату энергиясы (КАЭ) делінеді.
Табиғатта көпіршік-ату энергиясын “еркін энергия” ретінде қабылдаған жөн
болмақ, өйткені табиғи радиациямен қатар (Вернадскийдің пайымдауы бойынша),
көпіршік-ату – энтропияның қисапсыз өсуін тежейтін ерекше құбылыс.
Сондықтан да, табиғи көпіршік-ату күшін түбегейлі әсерлесу күштерінің (ТӘК)
жетіспей тұрған кезектегі күші десек қателеспеспіз деген ойдамыз.
Сөз орайы келіп тұрғанда айта кетейік: табиғи радиациялық күшті де –
ионданудың сәулелену күшін де осы ТӘК қатарына қосқан да дұрыс болады деген
сенімдеміз; солай етсек, ТӘК құрамындағы күштер саны жетіге жетіп, табиғат пен
адамзат тіршілігінде жеті санының киелілігі орныға түсіп, оның ерек сипаты
айқындалары хақ.
Көпіршік-атудың ауадағы және судағы жарқын мысалдарын атап өткен жөн,
олар мейлінше көп кездеседі және де тыңғылықты зерттеліп, адамдардың
күнделікті тіршілігінде, жаңармалы технологияларда елеулі орын алуда – деуге
тұрарлық. Бір ғасыр бұрынғы кезеңдерде мамандар ортасында – кеме
құрастырушылар мен гидро- және жылу электрстансалар тұрғызушылар арасында
теріс пікір мен көзқарас туындатушы құбылыс болғанымен, өткен ғасырдың орта
шенінен бастап, КА-ЕҚ пен КАФ деген терістер біртіндеп оң пікір мен көзқарасқа
ауыса бастады. Оған осы XX ғасырдың 30-50-жылдарында, дәлірек айтсақ 1931-
1934 һәм 1946-1947 жылдары кавитациялық Ранк-Хилш құбырының (РХҚ) пайда
болып [43]-[53], соның негізінде арқандық-құйындық Ранк-Хилш (АҚК-РХҚ)
технологиялық базалық құрауышының құрастырылуы зор рөл атқарғандығын
атап өткен жөн болмақ [43].
Ендігіде ары қарай талқылауларымызды жалғастыру үшін элементарлық
бөлшектерге ұқсас (ЭБ) көпіршік-атудан туындаған жаңа неологизм түрлері
болып табылатын «CAVITation»+«IONization» сөз жұбынан туындаған «cavition»
– кавитион, қысқаша ci: ci1 – атом-нуклондық құрылымдар үшін, ci2 –
молекулалық құрылымдар үшін, бұл екеуі микроәлем үдерістеріне арналған;
кавитиондардың ci3 һәм ci4 түрлері – макроәлем үдерістеріне арналған: ci3 –
макромолекулалармен байланысты үдерістерге, ал ci4 – көзбен көріп, бақылауға
болатын үдерістерге арналған [44].
3.1.1 Жаңғырған көпіршік-ату дүниелері ортасында сперматозойд
пен аналық жыныс ұрығының шағылысуын қайта қарастыру
«Ұрықтану мезетінде аналық ұрық өзінің мыңдаған қалташаларын ашып,
олардың әрқайсысынан миллиондаған мырыш атомдарын шашыратады. Сонан
41