Page 47 - Теория кавитации
P. 47

келеді:  аталмыш  жұмыстың  жалпы  «кавитация»  деп  жазған  бөліміндегі  ойлар
                  туралы деректерге толықтырулар мен түсіндірмелер енгізуге тиіспіз [41]; егер біз
                  осы тұжырымдаманы біздің алдыңғы бөлімге сүйеніп анықтайтын болсақ, онда
                  біз кавитацияның туынды неологизмі болып табылатын «кавитион» ұғымының
                  алатын  орнын  –  нүктелерін  нақтылауымыз  керек,  өйткені  осы  бөлімде
                  қарастырылған  кавитация  үдерістеріндегі  көпіршікті  құрылымдар  атомдардан,
                  иондардан  және  ферменттер  секілді  шағын  молекулалық  элементтерден
                  қалыптасады,  олар  ci2  түрлі  кавитиондық  қуыстар  ретінде  түсіндірілуі  керек;
                  осылайша,  blastocyst-trophectoderm  жұптық  тұжырымының  метаболизмдік
                  механизм-тетігі  жоғарыда  түсіндіргеніміздей,  ci2  түрлі  кавитион  көмегімен
                  жүзеге  асырылады  екен,  сондықтан  да,  осы  жұптың  зат  алмасуын  білдіретін
                  «жасушаның  кавитиондық  нобайы»  туралы  айтуға  болады,  ал  жасуша
                  деңгейіндегі метаболизм «кавитиондық сорғы» арқылы жүзеге асырылады.
                        Осы  жаңа  ұғымдардың  сипатын  неғұрлым  түсінікті  ету  үшін  аталмыш
                  жұмысқа  тағы  ауысайық  [41],  соған  байланысты  біздің  ескертулеріміздің
                  маңызды мәселелерін атап өтейік:
                                   +
                               +
                        -  Na /K -АТФаза  әрекеті  нәтижесінде  жасуша  калийдің  жоғары
                                                                                        +
                  концентрациясын сақтайды; жасуша мембранасы калий K иондарын өткізуге өте
                                                                       -
                  қабілетті  болғандықтан,  осы  калийдің  K теріс  зарядтық  иондарын  жасуша
                  мембранасының  өткізбейтін  қабілетінен  іште  қалдырады;  сондықтан  клетка
                  мембранасының ішкі бөлігі сыртқыға қарағанда электрлік теріс зарядты болады,
                  басқаша айтқанда, калий атомдары “+” және “-” иондарына ыдырайды, “-” иондар
                  жасушаның  ішкі  бөлігінде  қалады  және  “+”  калий  иондары  мембрана  арқылы
                  шығып кетеді; бірақ бұл үдерістер кавитация – көпіршік-атудың ашық тәсілдері
                  және  сансыз  ci2  түрлі  кавитиондардың  қалыптасуы,  жарылып  жойылулары
                  арқылы  жүреді,  сырттай  қарағанда,  барлық  көріністерді  «ион  сорғысының»

                  әрекеті ретінде қабылдауға да болады, десек-тағы біздің түзетулерімізді ескерсек,
                  «кавитиондық сорғының» арқасында соның бәрі атқарылады;
                        - жоғарыда айтылғандай, 1957 жылы Йенс С. Скоу ATФaза деп атаған Na, K
                  иондары  белсенділігі  жайлы  бірінші  мақаланы  жариялады:  екінші  жағынан,
                     +
                         +
                  Na /K -АТФаза  ретінде,  аденозинтрифосфат  ферменті  синтезделіп,  мақсатты  –
                  полярлы бағытталған заттардың жасушалық мембрана арқылы тасымалдануы –
                  барлық тірі жасушалардың негізгі қасиеті; содан бері көптеген ферменттеулердің
                  ATФ-синтаза  –  аденозинтрифосфат  синтезіне  ұқсас  функциялар  түрінде
                  атқарылатындығы көрсетілді [54]. Тағы бір тілге тиек етуге тұрарлық еңбек шет
                  елдік  маман  Лин  М.  Вилейдің  (Lynn  M.  Wiley:  [42])  туындысы.  Оның  тіпті
                  тақырыбы  «кавитация»  сөзінен  басталады,  бірақ  аңдатпасына  қарап,  байқасақ,
                  оның да осы сөзге қатысты негізгі мән-мағынасы жоғарыда талқыланған еңбекке
                  жақын  келеді!  Бұл  туындының  аты  мығым  болғанымен,  қолға  түспейтіндей
                  жасырып  қойыпты,  сондықтан  да,  ол  туралы  мардымды  пікір  айта  алмаймыз,
                  дегенмен де, сол сарын [41].

                                                                  46
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52