Page 55 - Теория кавитации
P. 55
кавитациялық көпіршіктердің жарылыстары (біз ЖЖ-ҚТҚ деп, жоғарыдағы 1.2.1
және 2.4 баптарда бұл құбылысты атаған едік!). Қуатты ядролық синтез (ҚЯС)
жағдайында – атом бомбасының жарылуы – соққы толқындары пайда болатынын
жақсы білеміз, ал мардымсыз ядролық синтез (МЯС) жағдайында – электрон-
кавитиондардың жарылыстарынан ЭМТ түзілетіндігі күман туғызбаса керек! Бұл
электр-магниттік толқындар туындап, электр-магнитизм ұғымының пайда
болуының бұлтартпас себебі. ЭМТ соққы толқындарына қарағанда, әлдеқайда
әлсіз, бірақ-та, егер соңғылар алапат жойғыш болып келетін болса, ЭМТ
конструктивті һәм жасампаз болуымен ерекшеленеді. Оған көз жеткізу үшін
олардың байланыс технологиялары мен заманауи телекоммуникацияларда
қолданысын мысалға алсақ жеткілікті болмақ.
Электрон кавитионға айналып, электрлік құбылысы туындағанда, ол өз
кезегінде электр-магниттік толқындардан өріс қалыптастырады, яки – электр-
магнитизм ұғымын туындатады. Міне осы өріс магнит ұғымын, яки магнитизмді
туындатады. Осы арада мынадай сұрақ сұранып шыға келеді: табиғатта дайын
күйінде кездесетін магний, магниттер, ферромагниттер т.б. ше – олар қалай
электрлік құбылыстың қатысуынсыз пайда болған ба? Менің жауабым: электрлік
құбылыс пен электр-магнитизм табиғатта молынан кездеседі және де оларға қоса,
магниттелу деген ұғым да бар. Мінеки, кейбір табиғатта дайын күйінде кездесетін
ХЭ мен солардың қоспалары табиғаттағы көпіршік-ату құбылысының
араласуымен электрлік құбылыс пен электр-магнитизмнің арқасында
магниттелуге ұшырап, сол қасиетті бойларында сақтап қалады, яғни олардың
атомдық немесе молекулалық құрылымы соған бейім келеді. Әлбетте, бұл
айтылғандар көпіршік-ату теориясы тұрғысынан болғандықтан, осындай ой-
тұжырымдарға тап болып отырмыз. Шынтуайтына келсек, электр мен магнит
ұғымдарының қайсысы бірінші, қайсысы екінші пайда болған екенін дөп басып
айта қою – оңай іс емес. Басқаша айтқанда, бұл арада «Тауық алғашқы ма, әлде
жұмыртқа алғашқы ма?» деген осы күнге шекті шешімін тапқызбай келе жатқан
парадоксқа ұқсап, соның бір түріне айналып кетуі де ықтимал – бұл мәселенің.
ҚЯС атом бойындағы әлді ядролық күшті жеңумен байланысты болса, МЯС
атом бойындағы әлсіз ядролық күшті жеңумен бара-бар. Мұндағы ҚЯС атом
ядросын тұтастай етіп біріктіріп, ажырамастай етіп тас-түйін ұстап тұратын күшті
еңсеруге бағытталса, ал МЯС электронды атом шеңберінде ұстап тұратын әлсіз
ядролық күшті еңсеруге бағытталады.
4.5.1 Электр-магнит толқындары осы екі ұғымның дәнекері ғана емес,
бұл толқындарға «электр-магнитизм» мән-мағынасы – заңды болмақ
Енді, біз электр-магнетизм теориясының негізгі сұрағына жауап бергеннен
кейін, көпіршік-ату құбылысы һәм үдерісінің заманауи коммуникациялық
технологиялардағы және перспективалық телекоммуникациялық жүйелердегі
орны мен рөлі туралы болжау жасай аламыз. Бұл кавитация теориясының табиғи
54