Page 60 - Теория кавитации
P. 60

егжей-тегжейлі зерттедік. Әлбетте, көпіршік-атудың барлық құпиялары ашылды
                  деп айта алмаймыз, алайда ең бастысы бұл табиғи құбылыс сияқты энтропияның
                  стихиялық өсуіне төтеп бере алатын ерекше құбылыс екеніне көзіміз әбден жетті
                  (термодинамикада  Клаузиус  және  Больцман  ашқан  Екінші  заңы  бойынша).
                  Басқаша  айтқанда,  жоғарыда  тұжырымдағанымыздай  табиғатта  көпіршік-ату
                  күші еркін энергия туындатады («табиғатта еркін энергия шығаратын жалғыз ғана
                  құбылыс – ол ТРФ» деген еді әйгілі кеңес академигі В.И. Вернадский). Сонымен
                  қатар, біз көпіршік-атудың көп жағдайларда құрбандықтар әкелетін торнадо мен
                  ең  күшті  –  дүлей  дауылдарда,  цунами  мен  циклондарда,  найзағай  мен  күн
                  күркіреулерде, жанартау атқылауларында және де жұлдыздарда болатын жойқын
                  жарылыстар  мен  сәулеленулерде,  соның  ішінде  Күн,  қара  апандар  (ҚА)  –
                  квазарлар,  пульсарлар,  нейтрондық  жұлдыздар  мен  джеттерде  орын  алатынын
                  білеміз [80]-[92].
                        Бұл баптың мақсаты – академиялық қауымдастықты, білім беру жүйесінің
                  субъектілері  –  ұстаздар,  студенттер,  магистранттар  мен  докторанттарды  біздің
                  гипотезаларымызбен  және  теориялық  пайымдауларымызбен  етене  таныстыру,
                  молекулалық, атомдық, нуклондық  және  тірі  ағзалардағы  жасушалық  деңгейде
                  көпіршік-атудың  пайда  болуын  және  соның  салдарларына  ғылыми  сараптама
                  жасау. Ол үшін элементарлық бөлшектерге ұқсас ci1, ci2, ci3 және ci4 төрт түрлі
                  кавитиондар  туралы  түсінік  енгізілді.  «Кавтитион»  –  бұл  көпіршік-ату  –
                  кавитациядан  қорытылған  неологизм,  оны  біз  бастапқыда  негізінен  табиғатта
                  және  жасанды  үдерістерде  орын  алатын  жарық,  электр  және  магниттік
                  құбылыстарды зерттеуге бағыттап енгізген едік [80]-[84].


                        5.2 Homo noospherus-cavitionus сипаттамасы

                        5.2.1 Жалпылай сипаттама

                        Homo  noospherus-cavitionus  (HNC)  –  Ноосфералық-кавитиондық  Адамға
                  жалпылай айтқанда, осы формациялық нәсіл сатысында ең алдымен ноосфералық
                  білім,  техника  һәм  технологияға  (НБ-ТТ)  икемділік  тән  [85].  Екінші  ретте бұл
                  сатыдағы  Адам  ғылымда  бесенеден  белгілі  бес  түбегейлі  әсерлесу  күштеріне
                  (ТӘК): гравитациялық, электрлік, магниттік, әлсіз және әлді ядролық күштерге
                  қосымша көпіршік-ату күшінің (КАК) де осы сапаға жататындығын зерделейді
                  және жоғарыда келтірілген осы күштен туындайтын көпіршік-ату энергиясының
                  (КАЭ)  еркін  энергия  ретінде  табиғи  энтропияның  қисапсыз  ұлғаюын
                  тежейтіндігін мойындайды!
                        Соларға қоса, ХХI  ғ. 2-ширегінде – ¼-ғасырда бұл сатыдағы Адам ci1-ci4
                  түріндегі кавитиондардың табиғи ортада және де өз қолынан шыққан жасанды
                  үдерістерде орын алуын, әрекеттенуін зерттеп, зерделей отырып, кәдеге молынан
                  жаратуға қабылетті болмақ.

                                                                  59
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65