Page 19 - Төлентай Наслизат
P. 19

көпіршік-ату үдерісінің пайда болуына ықпал етеді – импульс береді, мінеки, бұл
            трофэктодерм жасушаларының қабаттары арқылы бір тынбастан зат алмасуларды
            ci2 түріндегі кавитиондық сорғылау арқылы атқаруды қамтамасыз етпек;
                  -  трофэктодерм  –  бұл  эпителий  жасушаларының  дифференциациясы  үшін
            мінсіз үлгі, өйткені бұл эпителий аполярлы бластомерлерден «de novo» әдісімен
            пайда  болады  [41];  мұнда  біз  талқыланып  отырған  жұмыстың  авторларының
            перспективасын айқындауға тиіспіз; болашақ эмбриондық жасушаларды саралау
            үшін дифференциациялық өзгерістердің алғышарттарды қалыптастырудағы рөлі –
            бұл болашақ ағзаның тірі жасушасына – бластоцистті биотаға айналдыру үшін өте
            маңызды екендігінде және де бұл түсіндіруде кавитация – көпіршік-ату механизмі
            қаншалықты  маңызды  болмақ;  біз  тағы  бір  жалпы  ескерту  жасағымыз  келеді:
            аталмыш  жұмыстың  жалпы  «кавитация»  деп  жазған  бөліміндегі  ойлар  туралы
            деректерге  толықтырулар  мен  түсіндірмелер  енгізуге  тиіспіз  [41];  егер  біз  осы
            тұжырымдаманы  біздің  алдыңғы  бөлімге  сүйеніп  анықтайтын  болсақ,  онда  біз
            кавитацияның туынды неологизмі болып табылатын «кавитион» ұғымының алатын
            орнын  –  нүктелерін  нақтылауымыз  керек,  өйткені  осы  бөлімде  қарастырылған
            кавитация  үдерістеріндегі  көпіршікті  құрылымдар  атомдардан,  иондардан  және
            ферменттер  секілді  шағын  молекулалық  элементтерден  қалыптасады,  олар  ci2
            түрлі  кавитиондық  қуыстар  ретінде  түсіндірілуі  керек;  осылайша,  blastocyst-
            trophectoderm  жұптық  тұжырымының  метаболизмдік  механизм-тетігі  жоғарыда
            түсіндіргеніміздей,  ci2  түрлі  кавитион  көмегімен  жүзеге  асырылады  екен,
            сондықтан  да,  осы  жұптың  зат  алмасуын  білдіретін  «жасушаның  кавитиондық
            нобайы» туралы айтуға болады, ал жасуша деңгейіндегі метаболизм «кавитиондық
            сорғы» арқылы жүзеге асырылады.
                  Осы  жаңа  ұғымдардың  сипатын  неғұрлым  түсінікті  ету  үшін  аталмыш

            жұмысқа тағы ауысайық [41], соған байланысты біздің ескертулеріміздің маңызды
            мәселелерін атап өтейік:
                          +
                              +
                  -    Na /K -АТФаза         әрекеті     нәтижесінде       жасуша       калийдің       жоғары
                                                                                   +
            концентрациясын сақтайды; жасуша мембранасы калий K иондарын өткізуге өте
                                                                  -
            қабілетті  болғандықтан,  осы  калийдің  K теріс  зарядтық  иондарын  жасуша
            мембранасының  өткізбейтін  қабілетінен  іште  қалдырады;  сондықтан  клетка
            мембранасының ішкі бөлігі сыртқыға қарағанда электрлік теріс зарядты болады,
            басқаша айтқанда, калий атомдары “+” және “-” иондарына ыдырайды, “-” иондар
            жасушаның  ішкі  бөлігінде  қалады  және  “+”  калий  иондары  мембрана  арқылы
            шығып кетеді; бірақ бұл үдерістер кавитация – көпіршік-атудың ашық тәсілдері
            және сансыз ci2 түрлі кавитиондардың қалыптасуы, жарылып жойылулары арқылы
            жүреді, сырттай қарағанда, барлық көріністерді «ион сорғысының» әрекеті ретінде
            қабылдауға да болады, десек-тағы біздің түзетулерімізді ескерсек, «кавитиондық
            сорғының» арқасында соның бәрі атқарылады;
                  - жоғарыда айтылғандай, 1957 жылы Йенс С. Скоу ATФaза деп атаған Na, K
            иондары  белсенділігі  жайлы  бірінші  мақаланы  жариялады:  екінші  жағынан,
                +
                    +
            Na /K -АТФаза  ретінде,  аденозинтрифосфат  ферменті  синтезделіп,  мақсатты  –
            полярлы  бағытталған  заттардың  жасушалық  мембрана  арқылы  тасымалдануы  –
            барлық тірі жасушалардың негізгі қасиеті; содан бері көптеген ферменттеулердің
            ATФ-синтаза  –  аденозинтрифосфат  синтезіне  ұқсас  функциялар  түрінде
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24