Page 18 - Төлентай Наслизат
P. 18

Жоғарыда  айтылған  метаболизм  механизмдерінен  белгілі  бір  мағынада
            кавитация – көпіршік-атудың рөлі туралы не айта аламыз? Ең алдымен, біз жұмыс
            авторларының  [41],  яғни,  бластоцистті  “кавитация”  деп  атап,  пайдаланғанын
            ризашылықпен  айтып  өтуіміз  керек.  Әрине,  олардың  бластоцист-трофэктодерм
            жұптасқан  ұғымы  туралы:  бластоцист  жасушасы    трофэктодерм  құрылымымен
            конвертше  қапталған  “көпіршік”  деп  қабылдаған  тұжырымы  онша  дұрыс  емес.
            Бірақ-та,  белгілі  детективтік  кинода    айтылатындай  –  “шындық  жақын  жерде!”
            болды және де біз оны авторлардың соңғы мәлімдемесін пайдаланып ашамыз [41]:
                  -  трофэктодерм  кавитация  –  көпіршіктену  оқиғаларын  бастау  және  реттеу
            қабілетіне ие болады, бұл бластоцист қуысында жинақталатын бластоцелі ретінде
            сұйықты  тасымалдауды  және  сақтауды  жеңілдететін  гендік  өнімдерді
            қалыптастырады [41]; басқаша – біздіңше айтқанда, мұндағы бластоцист қуысында
            микро-жарылыс түріндегі кавитацияның негізгі ұғымы басты рөлді ойнайды, біз
            осы ойымызды түсіндірейік: гендік өнімге, оның ішінде су қоспасына мембрана
            арқылы ағып өтіп кетудің ең қарапайым және оңай жолы, оның рөлі тропеоктодерм
            жасушаларының  қабаттарымен  ауаның  көп  мөлшері  бар  газ  көпіршіктерінің
            қалыптасуы;  көпіршіктер  екі  жағынан  мембранаға  жабысып,  кез-келген
            мүмкіндікте  осмотикалық  қысымның  әсерінен  айтылғандай  жарылып,  бұл
            көпіршіктерден  мембрананың  саңылаулары  арқылы  гендік  заттар  қарама-қарсы
            жаққа  өтеді,  осылайша  бластоцисттің  қуысына  да  керек  заттар  енеді;  негізінен
            түрлі  химиялық  элементтердің  (ХЭ)  иондары  мен  тұздары,  ферменттері  және
            көпіршіктердің  қабықшасын  құрайтын  су  қоспасынан  тұратын  өнімдер  де  бар,
            мұнда  біз  тек  газ  тәріздес  ортаға  көпіршіктердің  пайда  болу  мүмкіндіктерін  де
            қабылдаймыз, яғни жоққа шығармаймыз (Ranque-Hilsch – Ранк-Хилш құбыры IHS

            – ИЖЖ – интенсивті жылыту технологиясының базалық элементі болып табылады,
            міне  осы  құбырдағы  ауа  ортасында  көпіршіктердің  қарқынды  қалыптаса
            алатындығын алға тартамыз [45]); бұл кавитация – көпіршік-ату үдерісінің күші
            мен қуатының арқасында жаңадан пайда болатын жасушалар – бластоцисттер  –
            болашақ  эмбриондық  жасушалар  үшін  қажетті  температуралық  және
            энергетикалық  әсерлер  мен  алғышарттар  пайда  болады;  демек,  эмбрион  алды
            кезеңінде гендік өнім қалыптасуы, энергия мен температуралық  өзін-өзі реттеу
            және гомоиотермия осы КА-ЕҚ құбылысынан бастау алатынға ұқсайды, олай емес
            – деуге қандай да бір себеп – жоқ;
                  -  бұл  кавитацияның,  яки  көпіршіктердің  пайда  болуын  білдіреді,  эмбрион
            полярлық  эпителийдің  дамуына  сүйенеді;  бластоцель  сұйықтығы  негізінен  су
            болып  табылады,  сондықтан  оны  өндіру  және  жинақтау  механизмі
            трофэктодермнің  иондық  тасымалдау  қасиеттеріне  байланысты;  сондықтан  да
            авторлар  бластоцистті  кавитация  деп  атайды  [41];  енді  осыны  біздіңше
            түсіндірейік:  бластоцель  –  эпителийдің  заттық  поляризациясы  электрлі
            зарядталғандықтан туындайды, өйткені мембрананың екінші жағындағы сыртқы
            орта жоғарыда түсіндірілгендей, “-” болып зарядталған, ал бластоцельдің заттары
                                                           +
                                                       +
            “+”  болып  зарядталғандығын  Na /K -АТФаза  әрекетінен-ақ  білеміз,  сонымен
            мембрананың  айналасында  электрлік  әсер  пайда болады да,  міне  осы  әлі  де  зат
            алмасуларға алғышарт болады, ал бұл жағдай жоғарыда талқыланған кавитация –
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23