Page 17 - Төлентай Наслизат
P. 17

Төменгі 6-суретте трофэктодерм жасушаларынан тұратын ішкі және сыртқы
            қабаттарындағы  катенин  һәм  актин  көмегімен  ферменттермен  зат  алмасудың
            зонулдық механизмін бақылауға болады.















                           6-Сурет. Эпителиалық жасушалардағы zonula adherens (солда) және
                         zonula occludens (оңда) молекулалық полярлы бағытталып ұйымдасуы.

            Ал  7-суретте  байқайтынымыз  –  1957  жылы  химиядан  1997  жылғы  Нобель
            сыйлығының лауреаты Йенс Скоу (Jens C. Skou [54]) ашқан өте көп тараған және
                                     +
                                 +
            аса  маңызды  Na /K -АТФаза  –  аденозинтрифосфаттық  тасымалдаушы  және  зат
            алмастырушы механизм-тетігі.











                                                                +
                                                            +
                 7-Сурет. Аса маңызды механизм-тетік Na /K -АТФазаның құрылымы, сипаттамалары.
                  Тағы  бір  маңызды  жасушалық  деңгейдегі  метаболизмді  қалыпты  жағдайда
            атқаруға септігін тигізетін  нәрсе – бластоцельді, яғни бластоцист жасушасының
            ішінде  жинақталатын  сұйықты  қалыптастыру,  оның  негізгі  құрамы  әрине  –  су.
            Мінеки,  сондықтан  да,  төменгі  8-суретте  осы  судың  трофэктодерм  жасушалық
            қабаттарынан өтіп жинақталуын көрсететін үш механизм-тетік бейнеленген.

















                8-Сурет. Биологиялық мембрана арқылы судың қозғалысына жауапты механизм-тетіктер.
               Су әлбетте липидтік қосқабат арқылы i) жай диффузия арқылы, ii) ферменттер мен иондар
               дүркін-дүркін тасымалданатын қалыптасқан транспорттардың көмегімен, iii) мембранадағы
                                           экспрессиялық саңылаулар арқылы.
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22