Page 15 - Төлентай Наслизат
P. 15
-- бесіншіден, дыбыстық дабылдау қосарланады (тәжірибешілер назар
аудармаса керек немесе бұнда қолданылған құрылғы – APS синхротрон бұған
бейімделмеген болуы да мүмкін);
- көпіршік-ату ерен құбылысының алдын алатын алғышарттар (жанама деп
қабылдайық):
-- біріншіден, КА-ЕҚ ағымы үшін табиғатта сперматозойд секілді тірі ағзашада
осмотикалық қысымнан бөлек қысым болуы керек, себебі ол АнЖЖ (аналық
жыныс жасушаға) шабуылдайды, сонымен қатар күш, қуат және энергия оның
шыққан көзінен даруы да заңды;
-- екіншіден, тиісті орта болуы керек – КА-ЕҚ орын алуы үшін белгілі бір
жұмыс ортасы болуы тиіс, бұл шарт орындалатыны сөзсіз – ата-аналық жұптың
жыныс мүшелерінің түйісуінің бастапқы нүктесі, осы мүшелер ішіндегі арналар,
олармен АтЖЖ (аталық жыныс жасуша) АнЖЖ қарай тасқындап жылжиды және
де бұл жасушалардың уақытша орналасуы мен көбейіп туындайтын орындары,
соның бірінен АтЖЖ АнЖЖ қарай қозғалысын бастайды, ал екіншісінде АнЖЖ
оны күтіп алады – кездеседі һәм жұптасады, мінеки, жарқыл басталады;
-- үшіншіден, осы КА-ЕҚ іске қосылуына арнайы алғашқы түрткі болуы да
шарт, бұның жайын қалыпты жағдай деп санауға болады – ұрпақ жалғастығы деген
инстинкт итермелейді.
2.9.2 Жаңғырған көпіршік-ату дүниелері ортасында сперматозойд пен
аналық жыныс ұрығының шағылысуын қайта қарастыру
«Ұрықтану мезетінде аналық ұрық өзінің мыңдаған қалташаларын ашып,
олардың әрқайсысынан миллиондаған мырыш атомдарын шашыратады. Сонан соң
тыныштық орнайды. Біраздан кейін жаңа “кавитациялық фейерверк” қайталанады
да, қайта тыныштық орнайды. Міне осылай 4-5 рет осы үрдіс қайталанады» [40].
Бұл үдерісті біз миниатюрлік ci2-жанартау атқылауы, ал кавитиондар
туындататын “кавитациялық фейерверктерді” – миниатюрлік ci2-найзағай дер
едік.
Мінеки, осындай ci2 түріндегі кавитиондық әсерлесулер нәтижесінде АтЖЖ
мен АнЖЖ – жыныстық ұрықтар (ЖҰ) шағылысуынан бластоциста һәм
трофэктодерма – эмбрион алды тірі ағзаның жасушалық құрылымдары
қалыптасады.
3-Сурет. Сол жақта трофэктодермамен қоршалған ЖҰ шағылысуынан кейінгі 4-5
күндік бластоциста. Оң жақта осы жасушалық құрылымдар жатыр алды түтікшеде.

