Page 16 - Төлентай Наслизат
P. 16

4-Сурет. Сол жақта трофэктодермамен қоршалған ЖҰ шағылысуынан кейінгі 6-7
                   күндік бластоциста жатыр қабырғасына жақындап келуі. Оң жақта осы жасушалық
                    8-9 күндік құрылымдар жатыр қабырғасына етене еніп, жайғасулары көрсетілген.


            2.9.3 Бластоцист пен трофэктодерм кавитациялық түрлену үдерістерінің
            молекулалық механизмдік тетіктері


            Бұл бөлімде шетелдік авторлар Андрей Уотсон мен Лиза Баркрофттың (Andrew J.
            Watson  &  Lisa  Barcroft  [12])  жұмысына  негізделген,  шағылысқан  жасушалық
            құрылымының дамуының бастапқы кезеңі талқыланады. Осы жұмыстың бір бөлімі
            «кавитация» сөзін қолданып аталады (2.1 бөлімін қараңыз!), сондықтан бұл жұмыс
            бізді қызықтырды. Бірақ-та, бұның авторларының бұл ұғымды қандай мағынада
            қолданғанын  түсіне  алмадық.  Бәлкім,  біздің  ұйғаруымыз  да  солай,  «кавитация»
            сөзін  олар  «көпіршік»  деген  сөздің  антонимі  ретінде  қолданған  болса  керек.

            Андрей Уотсонмен хат алмасу арқылы бұл мәселені шешпек болып едік, бірақ бұл
            талпынысымыз  бізге  еш  нәтиже  берген  жоқ.  Қалай  болғанда  да,  біз  осы
            әріптестерімізге  эмбриологияның  мәселелеріне  жасалып  жатқан  кавитация  –
            көпіршік-ату  теориясының  тұрғысынан  назар  аударуға  шабыттандырғанына
            ризашылығымызды  білдіреміз,  бірақ  бұл  эмбриология  саласы  «біздің  жолымыз

            емес еді», дегенмен де, қазір біз осындамыз!»

            2.9.3.1 Бластоцисттер – кавитациялар қалыптасуын реттеу

                  Талқыланып  отырған  аталмыш  жұмыс  негізінен  жасушалық  деңгейде
            метаболизм  механизмдерін  қарауға  арналғандықтан,  біз  сондағы  бірнеше  сурет-
            сызбаны ұсынамыз [41]. Осы механизмдердің бірі – жұмыста “иондық сорғы” деп
            аталған  иондар  мен  ферменттерді  тасымалдаушылар.  5-Суретте  сүтқоректілер
            эмбриондарының  имплантациялау  алды  трофэктодерм  трофобласттарындағы
            иондар  мен  ферменттердің  тасымалдаушыларының  экспрессияға  ұшыраған
            көріністерін көреміз.











                     5-Сурет. Тышқан эмбриондарының имплантациялау алды трофэктодерм трофо-
                     бласттарындағы иондар мен ферменттердің тасымалдаушылары экспрессиясы.
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21