Page 14 - Төлентай Наслизат
P. 14

2-Сурет. Тышқанның жарқылдаған аналық ұрығы: қалташаларынан мырыш атомдарын
                    шашыратып шығарыуының алдында (бейнекөрініс: Northwestern University [40]).

                  «Осы  зерттеу  үшін  арнайы  әзірленген  озық  технологияларды  қолдану  бізге
            атом-молекулалық фейерверкті толығымен бейнекөрініске түсіріп алуға мүмкіндік
            берді. Ғалымдар мырыш атомдарының қай жерде пайда болатындығын анықтауға
            тырысты.  Бөлшектер  ұрықтың  тікелей  бет  жағында  шығарылғаны  анықталды.
            Ұрық  жасушасында  8  мыңға  жуық  “қалташалар”  бар,  олардың  әрқайсысында
            миллионға  жуық  мырыш  атомы  болатын  көрінеді»  [40].  Авторлар  –  тәжірибе
            жасаушылар мен ғалымдар бұл үдерісті басқаша әрқалай түсіндіреді.
                  «Алдыңғы  тәжірибелерде  тышқандарды  ғалымдар  ұрықтандыру  кезінде
            толқындатып шығару арқылы жасуша 60 миллиард мырыш атомынан 10 миллиард
            жоғалтады  деп  анықтады.  Сондай-ақ,  ұрық  мырышсыз  жетілуге  толық  жете
            алмайтындығы  белгілі  болды.  “Ұрық  жасушасы  алдымен  мырыш  атомдарын
            жинап,  содан  кейін  оларды  біртіндеп  табысты  дамып  жетілу  үшін,  жыныстық
            ұрықтану  және  эмбриогенез  басталуы  үдерістерін  дұрыс  басқару  үшін  босатып
            отыратын болса керек. Жұмысымызда біз жасушаның трансформацияланып, жаңа
            организмге  айналуын  молекула  деңгейінде  түсінуге  тырыстық”»,  -  дейді  Томас
            О'Халлоран (Thomas O'Halloran) [40].
                  «Шашырылатын             мырыш         бөлшектерінің         саны       ұрықтандырылған
            жасушалардың  сапасы  туралы  маңызды  көрсеткіш  болуы  әбден  мүмкін.  Егер
            жасушалардың  жоғары  сапалы  екенін  анықтай  алсақ,  онда  эмбриондардың
            сапалығы алдын ала анықталады, ал бұл дегеніңіз – болашақ ұрпақтың ден-саулығы
            һәм өміршеңдігі»,  - делінген зерттеу  қос-авторы Тереза К. Вудрафтың пікірінде
            (Teresa K. Woodruff) [40].

                  Тұжырымдама.  Қалай  болғанда  да,  бұл  бүкіл  үдеріс  –  кавитацияның  –
            көпіршік-ату  ерен  құбылысының  (КА-ЕҚ)  жыныстық  жасушалар  арасындағы
            әсері; бұл мәлімдеме келесі факторлармен түсіндіріледі (тікелей және жанама):
                 -  жыныстық  ұрықтардың  кездесуінің  нәтижесі  не  осы  кездесудің  соңындағы
            әрекеттер:
                 --  біріншіден,  люминесценция  көпіршік-ату  көрсеткіштерінің  бірі  болып
            табылады  –  КА-ЕҚ  заңды  жалғасы,  өйткені  көпіршік-ату  кезінде  пайда  болған
            көпіршіктер жарылады – микро жарылыстар орын алады;
                 -- екіншіден, бұл микрожарылыстардың салдарынан температура көтеріледі;

                 -- үшіншіден, энергия өндіріледі, атап айтқанда, жылу – өмірге қажет энергия
            өндіріледі;
                 --  төртіншіден,  атомдар  мен/немесе  мырыш  иондарының  “минижанартауы”
            атқылауы;
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19