Page 13 - Төлентай Наслизат
P. 13

морфогенезі,  биотехнология  және  жалпы  биологияда  жақсы  мамандар  болып
            табылатын  біздің  шетелдік  әріптестеріміздің  бұл  болжамын  қалайда  ғылыми
            тұрғыдан негізделуге болатынын көрсетуге арналған.
                   «Құдайдың  кереметі»,  «тіршілік  ұшқыны»  –  бұлар  адам  нәсілінің  жаңа
            өмірінің пайда болуын болжап, керемет жаңғыруды ескере отырып қолданылатын
            эпитеттер.  Эмбриологияны  еске  түсірмей-ақ,  биология,  генетика,  биохимия,
            биотехнологияның  дамығанына  қарамастан,  бүгінгі  күнге  дейін  бұл  эпитеттер
            қолданыста.  Бұл  жерде  ЭКҰ  –  экстракорпоралдық  ұрықтандыру  саласындағы
            жасампаз  жетістіктерді  мысал  ретінде  келтіру  жеткілікті,  яғни  заманауи
            медициналық практикадағы «in vitro» технологиясын айтамыз. «Тәңір ғажайыбы»
            деген ұғымды әзірше жоққа шығара немесе тиянақтай да алмаспыз, бірақ «тіршілік
            ұшқынына» қатысты біз нақты айтарымыз бар, тіпті ғылыми тұрғыда – биология
            һәм  медицина  ғылымдары  мен  практикасының  соңғы  жетістіктерін  пайдалана
            отырып, соларға қоса кавитация – көпіршік-ату теориясы тұрғысынан негіздеуге
            дайынбыз.


            2.9.1 Аталық пен аналық ұрықтардың шағылысуы кавитацилық ұшқындар

            туындатуымен жалғасады

                  «АҚШ        еліндегі      Солтүстік-Батыс         Университетінің         ғалымдары         –
            сүтқоректілерінің  сперматозоидтары  мен  аналық  ұрықтарының  шағылысуын
            бақылау  үшін  тәжірибелер  жүргізді.  Олардың  байқағандары:  бұл  үрдіс  аналық
            ұрықта  толқындана  пайда  болып,  жалғасатын  «ұшқындаған  жыпылықтаулар  –
            жарқылдар» мырыш атомдарының лек-легімен қуатты шашырап шығарылуымен
            қатар  жүретіндігін  бейнекөріністер  түрінде  түсіріп  алған  (төменгі  1-ші,  2-ші
            суреттердегі бейнелеулерді қараңыз: Northwestern University [40])».




















                    1-Сурет. Жарқылдаған фейерверктер: сперматозойд пен аналық ұрықтың кездесуі
                                       (бейнекөрініс: Northwestern University [40]).
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18