Page 8 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 8
: 8-тапсырма. Бұрынғы біздің бабаларымыз өмір сүрген заманда қан
дай шығармалар болды деп ойлайсыңдар? Тарихи шығармалардан қандай
шы ғар маларды білесіңдер? Атап беріңдер. Шығарманың сәнін келтіретін не?
Көркем шығарма болуы үшін жазушыға (ақынға, жыршыға, т.б. сөз өнері
иесіне) не керек? Жазыңдар.
: 9-тапсырма. Асыл сөз өнерінің көші өзінің туған халқы барда, оны
сүйіп оқитын ізбасарлары барда ешқашан тоқтамақ емес. Сендердің атала
рың, әжелерің, одан кейін әкең мен анаң оқыған шығармаларды арада қанша
уақыт өтсе де сендер де оқисыңдар. Сендерден кейін де сенің іні-қарындаста
рың, сіңлі-бауырларың оқиды. Бұл – көркем әдебиеттің көші. Жылдар өтсе
де көркем шығарма тозбайды. Неге көркем шығарма жылдар өтсе де құнын
жоғалтпайды? Әр буынның ұрпақтары оқыса да, ол өзінің көркем сырын
сақтай біледі. Ойды жалғастырыңдар.
Себебі ...
7