Page 10 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 10
: – диалект – жергілікті халық тілінде, белгілі аймақ
көлемінде ғана қолданылатын сөздер. Мысалы, Шымкент
өңірінде шайнекті шәугім, жұмыртқаны тұқым десе,
Оралда таразынын шеккі, бәкіні шаппа дейді, т.б.
: – Дұрыс айтасың, Айсұлтан! Түсіндім. Ал араб сөзінен
аударылғанда, «әдебиет» – «асыл сөз» деген мағынаны
білдіреді.
: – Бұл туралы біздің әдебиеттанушымыз, ғұлама ғалым
Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтып кеткен. Көркем
шығарманы жазған адамды автор деп атаймыз. Егер ол
ауыздан ауызға таралып, біздің заманымызға жетсе, бұл –
ауыз әдебиетіне жатады. Ауыз әдебиеті шығармаларының
авторы – халық. Әдебиет екіге бөлінеді: ауыз әдебиеті және
жазба әдебиеті. Шығарманың жазылу ерекшелігі – бұл
шығарманың жанры.
Шығарманың кейіпкері – көркем шығармада
суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби об
раз. Әдеби образ – шығармадағы көркем бейне.
Шығарманың қаһарманы – көркем шығармада
жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға
басты кейіпкер болады.
әдеби жанрлар (фр. тілінде genre – түр, тек,
жанр) – ауызша және жазбаша жазылған көр
кем шығармалардың түрі. Шығарма жанрын
қалай анықтаймыз? Шығарма жанрын анықтау
үшін тұрақты әрі тарихи мазмұнына, құрылысы
(композициясы) мен түріне мән беруіміз қажет.
Шығарманың тақырыбы дегеніміз көркем
шығармаға негіз, арқау болған өмір құбылыста
рының түйіні.
Шығарманың идеясы (грекше іdea – түсінік,
елес, бейне) – шығарманы жазған автордың
айтайын деген негізгі ойы.
9