Page 15 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 15

КеРқҰЛА АттЫ КендебАЙ
                                             қазанғап кедей

                    Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында,
                Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты. Қазанғап
                құс атып, балық аулап күн көреді екен. Әйелі ау тоқып, жамау
                жамайды екен. Осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті.
                Күндерде бір күн Қазанғаптың әйелі босаныпты. Торсық шеке,
                аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті.
                Баласына Кендебай деп ат қойыпты.
































                                       Кендебайдың өмірге келуі

                    Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті. Алты күнде күліпті,
                алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болыпты. Сондай
                күшті  болыпты,  алысқанын  алып  ұрыпты,  күрескенін  жыға
                беріпті. Шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз өзі тартып
                шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті. Бара-бара құлан
                                                   14
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20