Page 18 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 18
сиыр бағып жүрген зор денелі бір адам бар. Ол – жорықта қолға
түскен адам, қазір ханның құлы. Сол адамға бар да, жолына же
терлік пұл бер. Оның киімін өзің ки де, оған өз киіміңді кигіз.
Сөйтіп әлгі адамды азат ет те, өзің сиырды бағып қал. Қазір
құйрығымнан бір тал қыл ал да, мені қоя бер. Сауыт-сайман,
құрал-жабдықтарыңды менің үстіме сал. Әзірге саған менің де,
құралдың да керегі жоқ. Егер керек бола қалсам, құйрығымнан
алған қылды тұтат. Сонда мен дайын боламын. Ендігі әңгімені
барған соң көрерсің, – дейді.
Кендебай Керқұла аттың құйрығынан бір тал қыл жұлып
алады да, қоя береді. Оның айтқанының барлығын істейді. Мал
шыны азат етеді. Жолына пұл береді. Оның киімін киіп, сиырды
өзі бағып қалады.
Малшы Кендебай
Кешке жақын оларды өзеннен айдап өткізейін десе, сиырлар
суға түспейді. Кендебай ашуланып кетіп, сиырларды сирағынан
ұстап алып, бір-бірлеп лақтыра бастайды. Лақтырған сиырлар
өзеннің ортасындағы аралға томпылдап түсіп жатады. Сол кезде
ханның кіші қызы судың арғы жиегінде көріп тұр екен.
– Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. Күндегідей: «Айы
рылғырдың суы айырыл», – деп неге айтпайсың? – дейді.
17