Page 17 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 17
біткеннен тұяқ қалдырмай айдап әкетті. Әкем алып ұйқылы батыр
еді. Ұзақ жортуылдан келгенде, алты күн қатарынан ұйықтайтын.
Осы ұйқыда жатқан әкемді жау әскері байлап әкетті. Әкемді
арашаламақшы болып жетіп барған шешемді қайырымсыз жау
алдына өңгеріп жөнеп берді. Мен жетім қалдым. Ішерге асым,
киерге киімім болмаған соң, амалсыздан Тасқара байдың қозысын
бағып жүрмін. Арыдым, тоздым, ернім жалақ, басым таз болды.
Содан бері көзімде жас, көңілімде қайғы. Мен әке-шешеме жы
лаймын, бай жылқысына жылайды.
– Олай болса, жылама. Мен әке-шешеңді іздеп, тауып берейін, –
деп Кендебай жүріп кетеді.
Бала қуанып қала береді.
Керқұла ат пен Кендебай
Керқұла ат құстай ұшып, құйғытып барады, айлық жерді
алты-ақ аттайды. Бір жерге келгенде Керқұла атқа тіл бітіп:
– Досым Кендебай, іздеген жоғың алыста емес, осы арадан
табылады. Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көресің.
Өзеннің ортасында бір арал бар. Сол аралда хан тұрады. Қойшы
баланың әке-шешесі сол ханның қолында. Олар терең зынданда
жатыр. Зынданның аузы құлыптаулы. Таудың арғы беткейінде
16