Page 13 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 13

:  –  Ауыз  әдебиетінің  жанрлары  өте  көп.  Бүгінгі  өтетін
                тақыры бымыз ертегі жанрына жатады.






                       : – Ертегі екенін қайдан білеміз?





                        : – ертегі – қиялдан туған туынды немесе шығарма. Ауыз
                әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне мұрасы. Оның
                ертегі деп аталуының себебі де содан, көбінесе қарасөз түрінде
                айтылады, кейде өлең түрінде де кездеседі. Ол «Ерте-ерте, ерте­
                де, ешкі құйрығы келтеде», «Баяғыда бір бай болыпты» немесе
                «Бұрынғы  заманда»,  «Баяғы заманда» деп  басталады. «сөйтіп
                мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен аяқталып отырады.






                       : – Мен бұл сөздерге мән бермеген екенмін. Рақмет, Айсұл­
                тан! Әрбір халықтың үміт-тілегі, аңсаған арманымен бірге жаса­
                сып келе жатқан ғажайып ертегілері баршылық. Ертегі – адам
                қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі.
                Еліміздің белгілі суретші лері көптеген ертегілерге иллюстрация
                жасап келеді. Олар Ә. Қайдаров, С. Романов, К. Баранов, Б. Та­
                былдиев, т.б.





                        : – Ертегіні балалар есі кіргеннен бастап есейгенге дейін
                оқып, үнемі қызықтаумен болады. Ертегі баланы еркін ойлауға,
                армандап қиялдауға, шындықты танып-білуге жетелейді.







                       : – Ертегіде халықтың әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі, тарихы,
                мұңы мен арманы айтылады.


                                                   12
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18