Page 11 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 11

Шығарманың мазмұны – шығарманың шындыққа
                        негізделген тақырыбы мен идеясы.


                        Шығарманың пішіні – әдеби қаһармандардың өзара
                        қарым-қатынасына, өміріне, тағдыр тартысына негіз­
                        делген сюжеті, көркем шығарманың тілі.

                        Шығарманың түрі – бұл шығарманың жанрына қа­
                        рай анықталуы.
                        Шығармадағы тартыс (латынша – қақтығыс, айқас,
                        кейде – алауыздық, талас) – өмірдегі қайшылықтар­
                        дың шығармада берілуі.
                        Шығарманың сюжеті (французша – зат) – шығарма-
                        да баяндалатын оқиғалар тізбегі.

                        Шығарманың фабуласы – шығармадағы тұтас оқиға­
                        лар мазмұнын қысқаша баяндау.

                        Шығарманың  композициясы –  бұл  шығарманың
                        құрылысы.  Шығарма  сюжетіндегі  композицияның
                        өрбу кезеңдері – шығармада баяндалатын оқиғалар
                        тізбегінің рет-ретімен орналасу ерекшелігі.













                       : – Достар! Шығармадағы сюжеттің өрбу кезеңдеріне назар
                аударайық!
















                                                   10
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16