Page 9 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 9

ТАЗА, МІНСІЗ АСЫЛ СӨЗ...







                         : – Айсұлтан, «Таза, мінсіз асыл сөз» деген не?




                         : – Сөздің мәні болады. Әр сөзді ауыстырмай, өз орнында
                         пайдалана білу керек. Таза сөйлеу – адамның білімі мен
                         сөз  байлығының  көрсеткіші.  Тазалық  –  әр  іске  қажет.
                         Ал  сөз  тазалығы  әрбір  оқитын  шығармаға  мән  беруден
                         басталады.


                         : – Сөз мәдениеті, жазу, сөйлеу әдебі, ерекшеліктері де­
                         генде назарға алынатын тұс – тілдің тазалығы. Жазу мен
                         сөйлеуде әдеби тіл нормасына жатпайтын, тіл көркемдігін
                         бұзатын  артық-ауыс  сөздерді  қолданбау  қажеттігін  бар­
                         лығымыз білеміз.


                         : – Әдеби тіл – өңделген, сұрыпталған, сол тілде сөйлеу-
                         шілердің  барлығына  түсінікті  тіл.  Ендеше,  белгілі  бір
                         тілде таза жазу, сөйлеу дегенде, ойға қажетті сөзді таң-
                         дауда  оның  қолданыс  сипатына,  сөйлеуші  халық  тіліне
                         алыс-жақындығына қараймыз. Тілдің қызметі халықтың
                         қоғамдық-өндіріс,  қоғамдық-саяси,  сондай-ақ  рухани
                         байлығын көрсете, аша алуында.



                         : – Тіл тазалығы айтар сөзге, ашар ойымызға пайдасы ша­
                         малы, қажеті жоқ, орны белгісіз сөздермен әуес тенбеуді
                         талап етеді. Басқа тілден енген сөздерді мүлде сөздік қор­
                         дан шығарып тастай да алмаймыз. Десек те, оны қолда­
                         нудың ретін тапқан жөн. Әрине, көркем әдебиетте белгілі
                         бір  ортаның  ерекшелігін  ашу  үшін  қаламгер  басқа  тіл-
                         ден  енген  сөздерді,  диалектілерді  пайдаланады.  Бірақ,
                         бұның  өзі  –  шығарма  шырайын  ашса  ғана  мақсаттың
                         өтелгені.


                                                   8
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14