Page 59 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 59

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
            ● «Ала жіп аттамау» нені білдіреді?
            ●  Асарда қандай жұмыстар бірлесіп атқарылады?
            ● «Ат майы» қандай жағдаяттарда іске асырылады?
            ● «Ат майын» сұрау міндетті болған ба?


                6-тапсырма. «Шашыраған сөздер» ойыны. Сөздерді орын-орнына қо-
                й ың  дар.
            Баланың, тай, атайды, тойында, сүндет, барғанда, мектепке,
        әке-шешесі. Оны, дейді,  тай, «бәсіре». Бағады, оны, үйретеді,
        бала, күтімге алады, ерекше. Мал бағуға, сол арқылы, үйренеді,
        еңбекке.  «Бәсіре»,  атау,  көңілін,  баланың,  өмірге,  өсіреді,
        бейімдейді.

                7-тапсырма. «Әдеп сақтау – ізгілік» деген тақырыпта эссе жазыңдар.
                Эссенің кіріспесі етіп төмендегі үзіндіні алыңдар.
              Үлкен-кіші болсын әдеп сақтау –  халықтық тәлім-тәрбиенің
        аса  үлгілі,  тәрбие  ісіндегі  қалыптасқан  заңы.  Үлкеннің  кіші
        алдындағы, кішінің үлкен алдындағы, еркектің әйел алдындағы,
        әйелдің  еркек  алдындағы  әдеп  сақтаудың  тамаша  үлгілері  өте
        көп. Мысалы, үлкеннің жолын кеспеу, бұрын сөйлемеу, ... .

                8-тапсырма. Тексер! Бағала! Айтқың келгенді әдеби тіл нормаларына
                сәйкес айта алдың ба? Қандай нормаларды қолдандың?






               9-тапсырма. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жа зыңдар.

            бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе
        қандай болды?
            балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс
        жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?
            Ортан терек – ойлану.  Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе
        алдым?
            шылдыр  шүмек  –  шынайылық.  Сабақ  маған  ұнады  ма?
        Неліктен?
            Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта
        қалай сезіндім?




                                                                                    57
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64