Page 54 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 54
5–6-сабақ
ҚАзАҚ хАлҚының сАлТ-ДӘсТҮрлЕрі
1. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жақсы білесің бе?
2. Қазақстанда өмір сүретін басқа ұлттардың салт-дәстүрлерін білгің ке -
ле ме?
1-тапсырма. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуынан тыңдаңдар. Мұға-
лім нің қандай сөздерге екпін түсіріп оқығанын аңғарыңдар.
Сауын алу. «Ердің күйін сұрама, жұрттан сауын сауған соң»
(Ел аузынан). Бұрын кедейлер мен малы аз адамдар ауқатты бай-
лар мен жақын ағайындарынан сүтін пайдалану үшін «сауынға»
деп құлынды бие немесе бұзаулы сиыр, кейде бірнеше қой, ешкіні
де белгілі бір уақытқа сұрап алады. Сауынға алған малдың сүтін,
май, қаймағын пайдаланып, қысқа құрт, ірімшігін дайындайды.
Сауын тәртібі бойынша алған адам малдың күйін төмендетпей
және оның төлін де мезгілінде аман әкеліп тапсыруға кепілдік
береді. Шығын болса, сөз айтпай төлейді. Сауын алудың ереже
тәртібі осындай, оған ешкім дау айта алмайды. Ертеректе ке-
дейлер байлардан сауын алып күн көрген. Әдет бойынша малы
бар адамдар сауын беруге міндетті болған. Бұған ел ағалары
мен ақсақалдары да араласып, ауқатты кісілерді осындай
жәрдемге шақырып, ықпал етіп отырған. Бұл да қазаққа біткен
қайырымдылық қасиеттің бір көрінісі екені анық.
(«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан)
● Мәтіндегі негізгі ақпаратты беріп тұрған сөздер қайсы?
● Қазақ дәстүрінде қайырымдылық қалай жүзеге асқан?
2-тапсырма. «Қазақ халқының ертеден келе жатқан аса үлкен тойы –
ас беру» деген тақырыпта ойбөліс ұйымдастырыңдар.
Ойбөліске қойылатын талаптар:
− тақырыптан ауытқымау;
− регламент сақтау;
− сөз әдебін сақтау;
− үндестік заңын сақтау;
− көп мағыналы сөздер мен синонимдерді қолдану;
52