Page 51 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 51
Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөздің тыныс белгілері автор сөзі мен төл сөздің
орын тәртібіне қарай әртүрлі қойылады.
1. Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, тыныс бел гі-
лерін мынадай сызбамен көрсетуге болады:
1) « », – .
2) – ? – .
3) – ! – .
2. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, тыныс белгілерін
былай көрсетуге болады.
1) : « »
2) :
– .
3. Төл сөз автор сөзінің арасына орналасса, бірінші және
екінші сызбада көрсетілген тыныс белгілер түгел қатысады.
1) : « !» – .
2) :
– ? – .
4. Автор сөзі төл сөздің арасына орналасса, автор сөзінің
алды-артынан тыныс белгілер былай қойылады.
1) « , – , – »
2) – , – , – .
4-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдердің төл сөзге қатысты тыныс
белгілерін қойып жа зыңдар.
1. Абай Ақылбайдан
– Қалада не хабар бар деп сұрады.
2. Абай былай деді Баланың жақсысы – қызық, жаманы –
күйік.
3. – Көктемде неге желікті деп сұрадым мен.
4. – Жақсы кездестің деді Сатан сені іздеп жатыр едік.
49