Page 50 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 50

7-тапсырма.  «Кімнің жады мықты?» «Бесік жырын» кім жатқа  айта-
                        ды? Толық айтқан бала жеңеді.


                        8-тапсырма. Сәбиді бесікке салудың денсаулыққа, тазалыққа пайдасы
                        жайында  «Жарнама» мәтінін құрастырыңдар.

                        9-тапсырма. Тексер! Бағала! Өзің хабардар болған және құрастырған
                        мә тін дерден қандай күрделі  атауларды меңгердіңдер?


                                                 3–4-сабақ

                          ОТбАсылыҚ мЕрЕКЕлЕрДің ТӘрбИЕліК мӘні





                    1.  «Ұлт тәрбиесі  баяғыдан  бері  сыналып  келе жатқан  тақтақ  жол бол-
                ғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол
                ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген М. Жұмабаевтың сөзіндегі ұлт
                тәрбиесіне нелер жатады?
                    2.  Отбасылық  мерекелерден  халықтық  мерекелердің  айырмашылығы
                бар ма?

                        1-тапсырма. «Той бастар» жырын аудиотаспадан тыңдаңдар.


                        2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

                    Жыр  қандай  мерекеге  арналған?  Оны  қандай  тірек  сөздер
                дәлелдейді?


                        3-тапсырма.  Жырдың  тәрбиелік мәнін «Төрт сөйлем» тәсілін пайда-
                        ланып айтыңдар.

                    Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
                    Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
                    мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
                    Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
                       Есте сақта!
                       Сөздердің  сөйлем ішінде дұрыс жазылуын орфография-
                   лық норма деп атайды. Сөздерді дұрыс жазуда орфография-
                   лық сөздікке жүгінеміз.
                       Сөздердің  айтылуында  дыбыс  үндестіктерінің,  ықпал
                   заң  дарының сақталуын орфоэпиялық норма деп атайды.




              48
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55