Page 46 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 46

7-тапсырма.  Білетін  мата  түрлеріңді  таңдап,  олардан  қандай  киім
                        тігілетінін айтыңдар.

                    Қамқа – алтындатқан не күмістеткен зерделі жіптен тоқылған
                жібек мата.
                    Манат – барқыт тәрізді бағалы шұға.
                    Мауыт – оң жағы майда түкті келген қалың мата.
                    Торқа – ең қымбат жібек мата.
                    Батсайы – қалың жібек кездеме.
                    Дүрия – жылтырауық тығыз жібек мата.
                    Қыжым – сапалы жүннен тоқылған түкті мата.
                    Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.
                    Ұштап – ақ түсті тығыз мата.



                        8-тапсырма. Эссе жаз. Эссенің кіріспесі етіп, төмендегі мәтін үзіндісін
                        ал.  Эссенің  негізгі  бөлімі  мен  қорытындысын  жазуда  көргенің  мен
                        білгеніңе сүйен.

                    «Ат мінгізіп, шапан жабу» салты – құрметті қонаққа, ақынға,
                батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты
                азаматтарға  көрсетілетін қазақ халқының ертеден келе жатқан
                ата салты. Ат мінгізу, шапан жабу салты қазіргі күнде де жара-
                сымды жалғасын тауып келеді.


                        9-тапсырма.  Аяқкиімге  қатысты  ырымдар  мен  тыйымдарды  іздеп
                        тауып,  бір-біріңе  жеткізіңдер.  Бұрын  бұл  туралы  естіп  пе  едіңдер?
                        Кімнен естідіңдер? Осы ырымдарды үнемі сақтап жүресіңдер ме?






                        10-тапсырма. Сөйлеген сөздерің мен жазған мәтіндеріңде қанша қате
                        жі беріпсіңдер? Тыныс белгілерін дұрыс қойдыңдар ма?

                            Өзіңді және бір-біріңді тексеріп, бағалаңдар.














              44
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51