Page 43 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 43
туралы «Бес жылдан соң жаңа сән ұсқынсыз көрінеді, жиырма
жылдан соң – қызықты, ал елу жылдан соң – керемет, ғажап
көрінеді» делінген.
Тәуелсіз Қазақстанның сән өнерін бағындырған өнерпаздар:
Құралай Нұрқаділова, Аида Қауменова, Оксана Корби, Балнұр
Асанова және т.б.
(Сән колледжіне арналған оқулықтан)
7-тапсырма. Қаратпа, қыстырма, одағай болатын сөздерді кестеге са-
лып жазыңдар.
Қаратпа сөздер Қыстырма сөздер Одағай сөздер
8-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Сән не себепті өзгеріп отырады?
2) Сәннің өзгерісі қай салада көрінеді?
3) Сәннің анықтамасы нені білдіреді?
4) Сән неліктен ұзақ сақталмайды?
5) «Сәнді киімге әртүрлі себептер әсер етеді» дегенді қалай
түсінесіңдер?
9-тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.
Киім кию, киіну стилі, сәнге айналған, қазіргі заманғы стиль,
эклектика, дәстүрлі киім, әлемдік сән үлгісі, классикалық стиль,
жағалы киім, табиғи тері, жұқа шифон, жібек мата, теңізші
стилі, жастар стилі.
10-тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарына сәйкестендіріп
та уып жазыңдар.
1 Адамның киген киімі стильдерді құрастырып кие
береді.
2 Адамдардың жасына қарай оның ішкі дүниесінен хабар
береді.
3 14–20 жас аралығында киіну стилі де өзгереді.
4 Жаңа материалдардың және сәннің маңызы зор.
оларды өңдеудің түрлері
6 Әлемдік сән мінбесіне жаңа стильдердің пайда болу-
ына әсер етеді.
7 Қазіргі қоғам үшін жібек, тері, шифон, қамқадан
тігілген киімдер көбейді.
41