Page 42 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 42

6-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.
                    Сән – адам тіршілігінің өнердегі, тілдегі, киімдегі мезгілдік
                өзгерістері.
                    Сәндік өзгерістер өздерінің айқын үстемділігіне қарамастан
                ұзақ сақталмайды, өйткені адам баласы әр уақытта жаңалыққа,
                түрленуге  ұмтылады.  Сәннің  ауысып  отыруы,  өмірдің  ты-
                нысы  тәрізді,  ырғаққа  бағынышты.  Сәнді  киімге  әртүрлі  се-
                бептер,  мәселен,  көркем  бағыт  та,  әлеуметтік  оқиғалар  да,
                тоқымашылардың  экономикалық  қулығы  да,  ұрпақтардың
                қақтығысы да, өткенге деген сағыныш та әсерін тигізеді.
                    Сән  стилінің  алмасу  процесі  жүріп  жатыр.  Бүгінгі  күні
                сәннің  өміршеңдік  айналымы  өте  қысқа.  Үстем  стильдің  ая-
                сында жаңа идеялар туындап, жаңа сән үлгілері күшіне енеді.
                Сән стилі көркемдік ерекшеліктерін шыңдап, өзінің ізашарын
                ақырындап  ығыстыра  бастайды.  Ал  үш-төрт  жылдан  кейін
                ол  шыңына  шығады  және  сол  шыңда  бес  жылдай  үстемдігін
                ұстайды. Бірақ сән өзіндегі барды толығымен шығармай, өзінің
                негізгі  бағытын  өзгертпейді.  Осылайша,  бір  сәннің  орнына
                келесі сән алмасып келіп отырады, сәнді киім стилінің алмасу
                процесі он жылдай уақытқа созылады. Бұл циклдер ХХ ғасырда
                күнтізбелік онжылдықтармен сәйкес келіп отырады, сондықтан
                «20-жылдардың сәні», «50-жылдардың сәні», т.б.  деп айтады.
                    Жаңа  сән  үлгілерін  халыққа  жеткізіп  таратушы  –  актер-
                лер,  музыканттар,  элита,  танымал  сәнқұмарлар.  Жаңа  сәнге
                үйрену мерзімі екі маусымға дейін созылады. Содан күнделікті
                тұрмысқа  еніп,  келесі  сән  үлгілері  оны  ығыстырып,  ескішіл
                сәнге айналдырғанша өмір сүреді. Ал едәуір уақыттан соң дәл
                осы сән үлгілері жаңа сапамен туындауы мүмкін. Осы құбылыс


























              40
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47