Page 37 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 37
сөз тіркестері естеріңде қалды? Өздеріңнің тыңдау және есте
сақтау қабілеттеріңді тексеріп көріңдер.
2. Киім тігуде қолданылатын қолөнер түрлерін атаңдар.
3-тапсырма. Киім тігудегі қазақ халқының талғамын жас ерекшелікте-
рімен байланыстырып әңгімелеңдер.
4-тапсырма. Қазақ шеберлері киімді қалай сәндеген? Нақты мысал-
дармен дәлелдеңдер.
Туынды сөздер
бірігу жолымен жасалған туынды сөздер. Екі немесе
одан да көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін
сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп,
Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, көкқұтан, бал-
қарағай, аскөк, Алакөл, Бурабай, алабұға, т.б.
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер. Кейде
екі сөз қосарланып, бір лексикалық мағына береді. Мұндай
сөздерді қос сөздер деп атайды. Қос сөздің сыңарлары
мағыналық жағынан байланысы бар, бір тектес заттардың
атынан, синоним сөздерден, кейде антоним сөздерден жа-
салады. Мысалы: сауыт-сайман, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ,
үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-жақын, туған-туысқан,
ығы-жығы, қазы-қарта, дүркін-дүркін, оқтын-оқтын, т.б.
Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер. Екі не одан
да көп сөзден құралып, бір екпінмен айтылып, бір ғана
лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: жер жүзі, күн
сәулесі, екі елі, көз ілмеді, қол созым жер, ғарыш кемесі, он
алты, қызыл ала, келіп кет, сөйлеп отыр, т.б.
5-тапсырма. Әңгімені оқып, оның құрылымына назар аударыңдар.
Қазақ шайы көзді, көңілді тойғызуымен ерекше. Айсұлу ақ
сүлгіге аз-кем орап, бұқтырып алған шайды кесеге құюға қам
жасады.
Адамның адамға деген қызметі қымбат. Кісінің кісіге де-
ген ықыласы ерекше. Айсұлудың сұлулығы қимылында бо-
35