Page 35 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 35
ұшырасады. Баскиіміне қадалған қарқараның санына қарап,
қанша ру елді немесе қанша қол әскер басқаратындығын білуге
болады».
Биік әрі шошақ, әсем безендірілген және сұлу құстардың
қанат қауырсынын қадаған баскиімді жас келіншектер, қыздар
сән-салтанаты мен жарасымын арттыру үшін киген. Өзі биік,
сәнді әрі қарқара деген құстың қауырсынын қадаған. Баскиімнің
атауы да осыдан шыққан.
(С. Медеубекұлы. «Ана тілі» газеті)
7-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша мына сұрақтар төңірегінде диа-
лог құрыңдар.
– Қазақ халқында қарқара баскиімін кімдер киген?
–
– Баскиімге қадалған құс қауырсыны қандай мағынаны
білдірген?
– Әдеби туындыларда суреттелетін қарқара қандай мәнге ие?
– Қазақ шеберлері киім тігуде малдың жүнінен басқа тағы
нені пайдаланған?
–
8-тапсырма. Есік обасынан табылған «Алтын адамның» баскиімін су-
реттеп жазыңдар.
9-тапсырма. Түйе және қой жүндерінен жасалған киім түрлерін ки-
ген жігіттер мен бойжеткендердің сән, талғамы жа йында не айтар
едіңдер? Топ-топқа бөлініп, ой алмасыңдар.
10-тапсырма. Екі бағанадағы сөздер тіркесімін мағынасына қарай
таңдап, сөйлем құраңдар.
№ Сөйлемнің бірінші бөлігі Сөйлемнің екінші бөлігі
1. Қазақтың киімінің тәуірін кестелі тақия киген.
2. Жігіт, бозбалалар кейде ақ бастарына үкілі бөрік,
шытты аяқтарына мәсі, оюлы
кебістер киген.
Аяқтарына көксауырмен күміспен күптелген белбеу
ойылған, буынған.
33