Page 34 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 34
Қазақ тілінде сөз тудырушы жұрнақ жалғану жолымен
жасалған сөздер өте көп. Олар қазақ тілінің сөз байлығын
молайтады.
4-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен
қосып айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын «Қос жаз-
ба» күнделігіне салып түсіндіріңдер.
Сөз тіркесі Мағынасы
Керекті сөздер: арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас,
адам, жүрек, кәсіп, құс, сөз, дос); қалың (киім, жұрт, бет,
қамыс); қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, тарту,
аю); сары (май, уайым, уыз, ауыз, су).
5-тапсырма. Бір түбірге әртүрлі жұрнақ жалғау арқылы бірнеше туын-
ды сөз жасаңдар.
Керекті сөздер: көр, сез, біл, жаз, әдеп, айт, бол, жас, сана,
көз.
6-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтін мазмұнынан қандай ақпараттар
алдыңдар?
Қазақта сирек те болса кездесетін баскиімнің ерекше түрі –
қарқара.
Қарқара – құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс.
Баскиімге қадалған құс қауырсыны сан алуан мағына береді.
Қазақтар тілек, ниет белгісі деп ұққан және киелі тұмарды да
«қарқара» деп атаған. Төрге қадап не нәрестенің бесігіне іліп,
кей жағдайда сәлемдеме ретінде жолдап, кейде жорыққа атта-
нып бара жатқан жарына «тілеулес бол-
сын, есіне алып жүрсін» деп киіміне
қадап берген.
Қарқара киелі құсының қауырсынын
баскиімге қадау ырымында оқыс пәле-
жаладан сақтанумен қоса, мұнда ха лық-
тың әдемілікке, сұлулыққа деген құш-
тарлығы да жатыр. Мұның бәрі көш-
пенділер өмірінен қалған әдет деп баға-
лауға болады.
«Алтын қаңылтыр қалақшаға шекі-
мелеп жасаған құс қауырсыны түріндегі
әшекейлі нағыз қарқара Есік обасы-
нан шыққан «Алтын адамның» тәжінде
32