Page 29 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 29

Көп  мағыналы  сөздер.  Сөздің  екі  не  одан  да  көп
           мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп
           мағыналы  сөздер  бір  негізден  таралады  да,  бір  сөз  табы-
           на қатысты болады. Мысалы: бас (зат есім) – 1) адамның,
           айуанның,  жәндіктің  дене  мүшесі;  2)  шөптің,  ағаштың
           ең  жоғарғы  жағы;  3)  таудың  ең  үсті,  төбесі;  4)  өзеннің,
           бұлақтың  басталған  жері;  5)  таяқтың  ұшы;  6)  балтаның,
           шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы. Сонымен,
           сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа
           бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.
               Омоним сөздер. Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ,
           мағынасы басқа-басқа  сөздердің тобын омонимдер дейміз.
           Омонимдер мағыналары жағынан бір-бірінен соншалықты
           алшақ  болады  да,  кейде  бір  сөз  табына,  кейде  әр  басқа
           сөз  табына  да  қатысты  болып,  дараланып  тұрады.  Мыса-
           лы:  қара:  1)  қара  шаш  –  заттың  түсін  білдіретін  сындық
           мағыналы сөз; 2) тақтаға қара – қимыл-әрекетті білдіретін
           етістік.  Айт:    1)  айт  болды  –  діни  мейрам:  2)  ән  айт  –
           қимыл мағынасындағы сөйлеу, деу; 3) айт – итті бір нәрсеге
           айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз.



                4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша әр дәуірдегі адамдардың
                киім киісіне назар аударыңдар. Көп мағыналы және омоним сөздерді
                тауып, мағынасын ажыратыңдар.
                                    Киім кию тарихы

            Адамзат  тас  дәуірінде  тігіссіз  байланатын  лыпа  киімдерді
        пайдаланумен қатар, сүйек ине, сүйек бізді қолданып тері және
        тоқыма киім-кешек жасап, киіну мәдениетінің басқа да түрлерін
        қалыптастыра бастаған. Алғашқы қарапайым киімдер жай ғана
        байланатын немесе түйрелетін болған. Тас дәуірінің соңына ала
        адамдар қолға үйреткен мал жүнін, аң терілерін, жабайы өсім-
        діктердің  жапырақтарын,  қабықтарын  пайдаланудың  жолын
        тап қан. Жабайы кендір сияқтыларды есіп, мал жүндерін иіріп,
        сүйектен  тебен  ине  жасап,  бастарына  бүркеніш,  үстіне  жаға,
        жеңсіз тері киді. Белге орайтын алжапқыш, аяққа тартатын тері
        шақай сияқты біршама тұтас тері киімдерін тіге білді.



                                                                                    27
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34