Page 25 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 25
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақал
қандай мағынаны білдіреді?
2. Қарияның батасын қалай түсіндіңдер?
3-тапсырма. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген қанатты
сөздің мағынасын жадыңда ұстау деген не? Өздерің оқыған көркем
әдебиеттен не ата-әжеңнің әңгімесінен есіңде қалғанын айтып бер.
4-тапсырма. Сыныптастарыңа кімдерден бата алғандарың туралы
жағ даятқа (оқиғаға) негіздеп әңгімелеп беріңдер.
Олар:
– ізгі тілек, жақсы ниетті білдіретін ақ тілекті бата;
– ас қайыру батасы;
– жол батасы;
– рамазан батасы.
5-тапсырма. Құдайберген Жұбановтың пікірін оқып шығыңдар.
Сөйлеу деген – біреудің екінші біреуге
хабар беруі. Сөйлеуші нің тыңдаушыға
бере тін хабары өзіне әртүрлі әсер ете тін
болады. Өзінің бір жақын не дос адамы-
ның өлгенін хабарлап тұрса, бұл ха-
бар сөй леушінің өзіне қайғы туғызады.
Өзінің жолдасының бір ірі табысын сөз
қылып тұрса, бұл хабар сөйлеушінің
өзіне қуаныш, шаттық енгізеді. Қолынан
келетұғын бір істі кезінде істемей, енді
істеуге мезгі лі өтіп кеткенін білдіріп тұрған
болса, сөйлеушінің осы хабарының өзі өзіне опық туғызады,
т.б. Сөй леуші бірдеменің жайын хабарлай тұрып, сонымен бірге
сол хабары өз басына қандай әсер ететінін – қайғыратынын,
қуанатынын, өкіндіретінін, т.т. қоса білдіреді. Өйткені сөйлеуші –
тас емес, тірі адам, сезімі бар, жүрегі бар адам. Сондықтан
оған дүниедегі болып жатқан әртүрлі құбылыстар әсер ет-
пей қоймайды. Бірін жылы қабылдап қуанады, біріне салқын
қарайды.
23