Page 21 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 21
соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге
келдім».
Адамдарға ұнауға мүмкіндік беретін алты ереже
1. Басқа адамдарға шын ниетпен ықылас білдіріңіз.
2. Күлімсіреңіз.
3. Қасыңыздағы адамның есімі қай тілде болсын, оның
құлағына жағымды естілетінін естен шығармаңыз.
4. Жақсы тыңдаушы бола біліңіз. Өзге адамдарды өздері ту-
ралы көбірек айтуға ынталандырыңыз.
5. Әңгімелесуші адамыңызды қызықтыратын тақырыпта
әңгіме айтыңыз.
6. Әңгімелесуші адамның оның өмірде алатын өзіндік орны
бар екендігіне сендіріңіз және оны шын ниетпен жасаңыз.
(Дейл Карнеги)
Тура және ауыспалы мағына
Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағына-
сы тура мағына деп аталады. Тура мағына әр заттың өзіне
ғана тән жеке мағынасы болып табылады. Сол арқылы
біз заттарды бір-бірінен айыра аламыз. Мысалы: көз, тіл,
аспан, жер, жел, орман дегендер заттарды атаса, биік, жылы,
жақсы дегендер сапаны, ал бару, салу, оқу, күту дегендер
қимылды атайды.
Сөздің тура мағынасының негізінде туып, өрбіген, жал-
пы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары болады.
Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп
атайды. Мысалы: күннің көзі, бұлақтың көзі, ана тілі,
ағылшын тілі, жұмыстың аяғы, қонақ күту, т.б.
3-тапсырма. Тура мағынасында және ауыспалы мағынада қолданып
тұр ған сөздерді ажыратып, мағынасын түсіндіріңдер.
Адам үшін күн қандай керек болса, ауа, су, от та сондай ке-
рек.
Адам сияқты сөзде де алуан түрлі тағдыр бар. Ол да баста
сәби боп туады, ержетеді, қартаяды. Кейде қартайып барып,
қайта жасарады. Кейде тұрмыста болған өзгеріске ілесе алмай,
19