Page 16 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 16
тылатын, құлаққа жиі естілетін
сөздеріміз. Бірақ бұлардағы
мағыналық, стильдік реңк олар-
ды талғап, таңдап өз орайында,
өз орнында қолдануды қажет
етеді. Мысалы, «Сәлеметсіз
бе?» деп амандасу үлкен-кішіге,
таныс-бейтанысқа, ресми жағ-
дайда да, еркін жағдайда да
қолдана беретінін байқасақ, ал
«Ассалаумағалейкүм!» деп аман-
дасуды ауылдағы кей жасы үл-
кен ақсақалдар ұнатып тұрады.
Әжелер мен апаларға бұлай амандасу қолайсыз жағдайға
душар қылады. Немесе мектеп шәкірті ұстазымен «Сәлеметсіз
бе?» деп сыпайы сәлемдеседі. Міне, бұл тәрізді ерекшелік
амандасуға жататын этикет (әдеп) сөздерде мағына, стильдік
өзгешеліктермен қоса әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал
кішінің үлкендерге «Сәлем бердік!» деп қолын ербеңдетуі не
жүрдім-бардым амандасуы әдепсіздікке жатады.
(Рабиға Сыздық)
сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мұғалімнің оқу мәнерінен қандай маңызды сөйленістерді есте ұста-
дыңдар?
2. Автор сұхбаттасу мәдениетіне қатысты қандай мәселелерді өздеріңмен
бөлісіп отыр?
2-тапсырма. Амандасудың түрлерін қандай жағдайда қолдануға бола-
тындығын рөлге кіріп көрсетіңдер:
а) ерлер арасындағы амандасу;
ә) әйелдер арасындағы амандасу;
б) қыздар мен ұлдардың амандасу салты;
в) үлкен мен кішінің арасындағы амандасу әдебі.
3-тапсырма. Мына амандасу сөздерін қатыстырып, диалог құраңдар.
1. Ассалаумағалайкүм – Уағалайкүмассалам! 2. Саламалей-
күм – Әликсалам! 3. Сәлеметсіз бе? Сәлеметсің бе? Сәлемет пе?
4. Аман сың ба? Амансыз ба? Армысыз? Ар ма? 5. Ат-көлік аман
ба? 6. Ел-жұртың, ауыл-аймағың аман-есен бе? 7. Мал-жан аман
ба? 8. Қайырлы таң! 9. Кеш жарық! 10. Жайлы жатып, жақсы
тұрдыңыз ба?
14