Page 12 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 12

3-тапсырма. Мәтін авторының қорытынды сөзі не болды? Бұл пікірдің
                        дұрыстығын  дәлелдеп, ауызша шағын мәтін құраңдар.


                        4-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, мәтін мазмұнындағы ақпараттар-
                        дың маңызын талдаңдар.

                    Адамзат баласы үшін тілдің маңызы ерекше.  Бұл тек қатынас
                құралы  ғана емес, әр адамның өмір сүруі үшін ауадай қажет
                байлығы. Тіл болмаса, ойымыз бен жүрегімізді кернеген ойды,
                сезімді сенімді жеткізе алмасымыз анық.
                    Қызмет  бабымен  әртүрлі  елге  іссапарға  барамын.  Сон-
                дай  сапармен  бірде  Израиль  мемлекетіне  жолым  түсті.  Мені
                таңғалдырғаны – олардың өз тілдеріне шексіз құрметі еді. 1947
                жылы еврейлер жер бетінен мүлдем жойылып кеткен иврит тілін
                қайта тірілту үшін алғашқы қадамдарын жасаған екен. Бас-аяғы
                10–15 жылдың  ішінде өлі тілдердің қатарына қосылған, бірауыз
                сөзі  де  сақталмаған  иврит  тілі  жанданып,  қайта  қолданысқа
                енеді.  Тілдерімен  бірге  салт-дәстүрі,  мәдениеті  қайта  қалпына
                келеді.  Әлемнің  әр  жеріне  тарыдай  шашылып  кеткен  еврей
                бір  жерге  жиылды.  Сонда  оларды  ұлт  ретінде  біріктірген  ив-
                рит тілі екен. Қалталы азаматтары қаржы бөліп, тілге қолдау
                көрсетуге  барлық  көмегін  аямаған.  Бірнеше  ғасырлық  тарихы
                бар құжаттарын қайта көтеріп, жаңа әліпбиін жасап шығар ған.
                    Жақында  Жапония  ғалымдарының  Токио  қаласындағы
                перзентханалардың  бірінде  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жүр-
                гізілген.  Сонда  үш  ұлттың  жаңа  туылған  нәрестелеріне  бір
                тәжірибе жасаған. сәбилердің тыңдау қабілеттерін тексеру үшін
                жылаған кезде  басқа тілдерде сөйлеп, жұбату сөздерін айтқан.
                Сәби жылауын тоқтатпаған. Тек олардың әрбірінің ана тілінде
                сөйлеген кезде ғана нәресте жылауын сап тыйып, үнсіз қалған.
                Халқымыз бала тәрбиесі ананың құрсағында болған сәттен бас-
                талады деп бекер айтпаған екен. Анасы өз тілін білмейтін бала-
                да да ана тіліне деген мұқтаждық болады екен. Бірақ адам өсе,
                есейе келе оған мән бермеуі мүмкін. Әйтсе де өмірдің соңғы белесі
                қарттыққа  аяқ  басқан  шақта  туған  тілде  сөйлеуге  қажеттілік
                қайта оянады. Бұл – ғылыми дәлелі бар шындық.

                                                            (Нұрлан Әмзебайұлы Жұмабаев)
                    ● Оқыған мәтіндерің стильдің қай түріне жатады? Ауызекі сөйлеу стилі
                ме, әлде жазба тілге жата ма? Мәтін «Тіл» журналында басылып шыққан.
                    ● Тілдің адамзат үшін маңызы неде?



              10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17