Page 11 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 11
13-тапсырма. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жазыңдар.
бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе
қандай болды?
балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс
жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе
алдым?
шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта
қалай сезіндім?
3–4-сабақ
АДАмзАТ Үшін ТілДің мАңызы
1. «Тіл бар жерде ғана ұлт бар» деген қанатты сөзге қосыласың ба?
2. Тілдің жойылуы мүмкін бе? Қалай ойлайсың?
1-тапсырма. Мәтінді аудиотаспадан тыңдап, ақпараттарды есте сақ-
таңдар.
● Мәтіндегі негізгі ой не туралы?
● Негізгі ойды ұстап тұрған тірек сөздерді атаңдар.
2-тапсырма. «Тілдердің жойылу себептері» деген тақырыпта пікірталас
құрыңдар. Пікірталаста төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Жойылу қаупі бар тілдердің бес белгісінің ішінде жоғалу
процесінің бастамасы қайсы?
2. Жойылу қаупі бар тілдердің бес белгісінің ішінде жоғалу
процесінің соңы қайсы?
3. Үлкен тілдердің қыспағына түсу дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Халықтың жас ұрпағы өз тілінде неліктен сөйлегісі кел-
мейді, оған нелер түрткі болады? Сен осылардың қатарына жа-
тасың ба?
9