Page 15 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 15
10-тапсырма. Оқылым мәтініндегі «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып
жа зыңдар.
Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
11-тапсырма. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жазыңдар.
бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта пікірімді тілдік
элементтерді дұрыс қолданып жеткізе алдым ба?
балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс
жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе
алдым?
шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта
қалай сезіндім?
5–6-сабақ
сұхбАТТАсу мӘДЕнИЕТі
1. Сен қандай тақырыптарға сұхбаттасқанды ұнатасың?
2. Кездесудегі амандасу, кетердегі қоштасу, қуаныш сәттеріндегі құт тық-
тау әдебін білесің бе?
1-тапсырма. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуынан тыңдаңдар. Мұға-
лім нің дауыс сазына көңіл бөліңдер.
Бір-бірімізді көргенде, амандасамыз, амандық-саулық сұ ра-
самыз немесе бір-бірімізді құттықтап жатамыз.
Сәлемдесудің тілімізде сан алуан түрлері бар. Тіл жұм сау
дағдысында «Сәлеметсіз бе?», «Аман-есенсіз бе?», «Армысыз?»,
«Сәлем бердік!», «Ассалаумағалейкүм!», «Кеш жарық», т.б.
сөздер жиі қолданылады. Амандық сұрасу – тұр мыста жиі ай-
13