Page 10 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 10
8-тапсырма. Мәтіндегі айтылымға және жазылымға қатысты ойларды
анық таңдар.
Тілді дұрыс қолдана білу – үлкен жауапкершілік. Айтушы
ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан, ол ойын
өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Яғни әр сөздің
мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді құра білуі тиіс.
Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді
таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішінде орын-орнына
дұрыстап қоя білуді айтамыз.
(Ахмет Байтұрсынұлы)
9-тапсырма. Мәтіндегі сөздердің түбірі мен қосымшасын айырып, ды-
быс үндестігінің түрін табыңдар.
10-тапсырма. «Қос жазба» күнделігіне алдыңғы мәтіннен жуан буын-
ды сөздер мен жіңішке буынды сөздерді теріп жазып, қосымшалардың
жазылу сипатына түсініктеме жазыңдар.
Үзінді Түсініктеме
тілді
жауапкершілік
11-тапсырма. Қоржындағы сөздерді қатыстырып, екі сөйлем құраңдар.
Қоржындағы сөздер:
Монолог, адам, белгілі бір, тақырып, өз ойын, сөйлеп, деге-
німіз, толық, жеткізуі.
Диалог, жағдаят, белгілі бір, екі адам, дегеніміз, кезектесе,
сөйлесу, түрі.
12-тапсырма. Тілді қолдана білудің шарттары туралы кластер түзің-
дер.
ТілДі ҚОлДАнА білу шАрТТАры
8