Page 9 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 9
Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының
сипатына қарай бейімделіп жалғанады. Сөздің соңғы дыбы-
сы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша да қатаң болады.
Сөздің соңғы дауысты дыбысы ұяң не үнді болса, қосымша
да ұяң не үнді дыбыстан басталады. Мысалы: жазда, қалаға,
мектепте, үйге, бастық, сыйлықпен, намыссыз, т.б.
Сонымен, үндестік заңы екіге бөлінеді: буын үндестігі
және дыбыс үндестігі.
Дыбыс үндестігі
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің ара-
лығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер
етуі дыбыс үндестігі деп аталады.
Ықпалдың түрлері Түсініктемесі
Ілгерінді ықпал Көрші дыбыстардың алғашқысы соң-
ғы сын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді
ықпал дейміз: тас-тан, адам-нан, көңіл-
ге, т.б.
Кейінді ықпал Сөз бен қосымшаның жігінде неме-
се сөз бен сөздің аралығында кейінгі
дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін
кейінді ықпал дейміз: теп-теуіп, сабақ-
сабағы, жазса (айтылуы – жасса), көн-
беді (айтылуы – көмбеді).
Тоғыспалы ықпал Қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне
бірдей ықпал етуін тоғыспалы ықпал
дейміз: Шайтанкөл (айтылуы – Шай-
таңгөл), тасжарған (ташшарған).
7-тапсырма. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы бір-біріне әсер
ету ші дыбыстарды анықтап, дыбыс үндестігінің қай түрі екенін
айтыңдар.
Жанболат, тасжол, қас жау, қолхат, есейе келе, қарттық,
перзентхана, көп білген.
7