Page 13 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 13
Дауыссыз дыбыстар
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ,
д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ,
(у). Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысына қарай:
қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
Қатаң дауыссыздар: қ, к, т, с, ш, щ, ч, п, ф, х, һ, ц.
Ұяң дауыссыздар: б, в, ғ, г, д, ж, з.
Үнді дауыссыздар: м, н, ң, л, й, р, у (тау).
5-тапсырма. Оқылым мәтінінен дауыссыз дыбыстарды тауып, төмен-
дегі кестеге салып толтырыңдар.
Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар
6-тапсырма. Жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдерде сөздер неге бірдей
дыбыстардан басталған деп ойлайсыңдар? Ойларыңды дәлелдеп көрің-
дер. Өздерің де осылай мәтін құраңдар.
Қыс түсті, қыс қысты, құс ұшты,
Қыс түсті, қысқы істі қыста істе.
Жамал Жаңылды жалындырмақшы болды.
Жаңыл Жамалды жаңылдырмақшы болды.
Жалындарғаны дұрыс па, жаңылдырғаны дұрыс па?
(«Әріптер әлемінде» кітабынан)
7-тапсырма. Мәтін мазмұнындағы негізгі ойды достарыңа хат арқылы
жеткізіңдер.
11