Page 17 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 17

синонимдер. Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түр -
           лі дыбысталып айтылатын сөздер тобы – синонимдер. Мы-
           салы: ас – тамақ – дәм – тағам – ауқат;  өң – түр – түс –
           кел бет – пішін – ажар – көрік – кескін – рең – шырай;  сал  -
           мақты  –  байыпты  –  сабырлы  –  ұстамды;  тез  –  жылдам  –
           шапшаң; амандасу – сәлемдесу, т.б.
               Қазақ  тілі  синонимге  өте  бай.  Синонимдік  қатарлар
           әр  сөз  табының  құрамында  кездеседі.  Синоним  сөздердің
           мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол
           екен  дігін  және  сөз  қолданудағы  талғампаздығын  көрсете-
           ді.  Синонимдерді көп білу бір сөзді қайталай беруден арыл-
           тады.
               Антонимдер.  Мағыналары  бір-біріне  қарама-қарсы  бо-
           лып келетін сөздер – антонимдер. Мысалы: жақсы – жаман;
           сулы – құрғақ; көңілді – қапалы; ал – бер; биік – аласа;
           суық – ыстық; күн – түн; ілгері – кейін, т.б. Антонимдер –
           ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құралы.


                4-тапсырма. Тыңдалым мәтініндегі синонимдер мен антонимдерді та-
                уып жазыңдар.


                5-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  ақпараттың  тақырыпқа  қатыстылығын
                тал даңдар.
            Сөйлеу этикетіне жататын сөздердің бірі қоштасуға қатысты
        сөздер:  сау  болыңыз,  қош  болып  тұрыңыз,  келесі  кездескен-
        ше,  көріскенше  күн  жақсы,  жайлы  жатып,  жақсы  тұрыңыз,
        жолыңыз  болсын,  сапар  сәтті  болсын,  т.б  жағдаятқа  орай
        қолданылатын  мұндай  сөздерде  де  мағыналық  реңк,  айырма
        бар. Мәселен, бүгін-ертең немесе таяу күнде кездесетін, хабарла-
        сатын қызметтес адаммен «Көріскенше күн жақсы!», «Аман ба-
        рып, сау қайтыңыз!» деп қоштаспайтыны белгілі. Ал алыс жол,
        ұзақ сапарға аттанып бара жатқан жолаушыға «Сау болыңыз!»
        деп қана қою салғырттықты білдіреді, сондықтан мұндайда «Са-
        пар сәтті болсын!», «Жолыңыз болсын!» тәрізді сөз орамдары
        қолданылады.
            Тіпті сапар сәтті болсын мен жолың болсын дегеннің өзінде
        елеулі  айырма  бар.  Сәлемдесу,  қоштасуға  байланысты  сөздер
        қазақ тілінде мол болғанымен, олардың әрқайсысының жұмсалу
        аясы, қолданылатын орны бар екен. Сөйлеу мәдениетіне ысылған




                                                                                    15
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22