Page 22 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 22

кейін бірті-бірте солғындап, жаңа сөзге жол береді немесе тың
                мағына тауып, жаңғырып, жаңаша ұғымға ие болады.
                                                                       (Мұқан Иманжанов)

                        4-тапсырма. Мәтінде қолданылып тұрған сөздердің қайсысы тура мағы-
                        нада, қайсысы ауыспалы мағынада жұмсалып тұрғанын айтыңдар.
                                     Жыршының аты жыршы ма,
                                     Әркімнен өлең жаттаса?
                                     Сөз – жібек жіп, жыр – кесте,
                                     Айшығы айқын көрінбес.

                                     Өрнексіз тіксең баттаса.
                                     Шешеннің аты шешен бе,
                                     Таңдайға дәмі үйіріліп,
                                     Даугердің тауын шақпаса?!

                                                                             (Дулат жырау)

                        5-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңдар. Мәтіннің негізгі идеясы не жа-
                        йында?

                    Сөйлеу  мәдениетіне  баулу,  тәрбиелеу  –  халықтың  ата-баба-
                дан келе жатқан игі дәстүрі. Бірде өзіне орынсыз тиісе берген
                байдың баласының айтқан сөзін, уәжін қаңбақ құрлы көрмей,
                оны сөзден де, уәжден де жыға бергесін, байдың баласы төбелес
                шығарып, сілтеген қолы үй иесінің күрек тісін сындырады. Со-
                ның нәтижесінде Бөлтіріктің баласы айып тартады. Өзі жазықсыз
                болса да, өзіне жасалған әкесінің билігін мойындағысы келмей
                тұр ған баласы:
                    – Әке, дұрыс сөйлегенде қалай сөйлеу керек еді? Менің сөзім-
                нің бұрыс жері бар ма? – деп сұрайды.
                    Сонда Бөлтірік шешен:
                    – Жатқа сөйлеме,
                    Жаманға сөйлеме,
                    Асырып сөйлеме,
                    Батырып сөйлеме.
                    Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс.
                    Жаманға айтқан сөзден
                    Жақсыға айтқан сөз дұрыс.
                    Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс.
                    Ойсызға айтқан сөзден,
                    Ойлыға айтқан сөз дұрыс.
                    Айтылмай қалған сөзден




              20
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27