Page 23 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 23

Айтылып қалған сөз дұрыс.
            Сөйлемес жерді білсең
            Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең,
            Бәрінен де сол дұрыс.
            Олай болмаған жерде
            Қанша асыл деме
            Сөзіңнің алды бұрыс,
            Арты – ұрыс.
            Әкенің баласын тәрбиелеуі – ата-бабалардың жолы.


                6-тапсырма. Сұрақтарға  жауап беріңдер.

            1. Жоғарыдағы әңгімеде Бөлтірік шешен сөзге қандай анық-
        тама берді?
            2. Дұрыс сөйлеу әдептілігі жөнінде  не деді?
            3.  «Сөзіңді  тіліңе  билетпе,  ақылыңа  билет»  дегенді  шешен
        қалай түсіндірді?
            4.  Шешеннің  «ойсызға  айтқан  сөзден,  ойлыға  айтқан  сөз
        дұрыс» дегені нені білдіреді?


                7-тапсырма. Тілдік қарым-қатынасқа түсушілердің арасындағы бай-
                ланыс әр адамның мәдениетіне келіп тірелетіндігін мәтін мазмұнына
                сүйеніп шағын мәтін құрастырыңдар.


                8-тапсырма.  Керекті  сөздерді,  сөз  тіркестерін  тауып  орнына  қой,
                айтылған ойдың мағынасын түсіндір. Бұл сөздердің тура мағынасында
                немесе ауыспалы мағынада тұрғанын ажырат.

            1.  ...  қарай кісіні ал, кісіге қарап  ...  алма.  (Абай)
            2. Тіл қаруы – ... , сөз қаруы – ... .
             Ақылды ой, ...  сөз адамның ең жоғарғы  ... .    (Ғ. Мұстафин)
            3.  Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген  ...
        толық мәнді интеллигент емес деуге болады. (М. Әуезов)
            4.  Өз  тіліңді  ...  ...    тұрып,    ...  –  ...      сүйе  алмайсың.
        (К.Г. Паустовский)
            5. Тіл – адам ойының  ... .
            6. Аңдамай сөйлеген  ... ... .
            7. Ойнап сөйлесең де,   ... ...
            8. Тисе терекке, тимесе   ... .
            9. Айтылған сөз  –  ...  оқпен тең.
            10. Көңілсіз  ...  –  ойға олақ.




                                                                                    21
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28