Page 24 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 24

Керекті сөздер:  қадір тұтпай, ел-жұртыңды,  құлақ, атылған,
                бұтаққа, ойлап сөйле, ауырмай өледі, айнасы, жанды, сөз, ой,
                алғыр, қасиеті, сөзіне, сөз.

                        9-тапсырма.  Жақсы  әңгімелесуші  болудың  жеңіл  тәсілі  не  болмақ?
                        Өзің нің сөзіңде шешендердің сөзіне сілтеме жаса.

                        10-тапсырма. «Шаршы топ алдындағы сөйлеу мәдениетіміз қандай?»
                        деген сұраққа  жауап іздеп көріңдер.


                                                   9–10-сабақ

                                             нӘТИЖЕ сАбАҚ

                                     ЖАҚСЫ СӨз – ЖАРЫМ ЫРЫС




                    1. Қазақ неліктен «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді?
                    2. Сен ата-анаңа, бауырларыңа жақсы сөзді жиі айтасың ба?

                        1-тапсырма.  Мәтінді  сыныптастарыңның  біріне  мәнерлеп  оқытып,
                        тың даңдар.
                    Халқымызда  «Баталы  құл  арымас,
                батасыз құл жарымас» деген мақал бар.
                Осы мақалға имандай ұйыған қазақ хал-
                қы өздерінің сүйікті перзенттеріне үлкен-
                дерден  бата  тілетуді  аса  бір  сауапты  іс
                деп білген. Сондықтан бата тілеу екінің
                бірінің үлесіне тие бермейтін кәделі қыз-
                мет саналған.
                    Баяғыда біреудің жалғыз баласы ауы-
                рып,  бақсы-балгерге  қанша  емдетсе  де,
                ем қонбапты. Басқа амал таппай әбден та -
                рық қан ата-анасы ауылдастарынан ақыл-
                кеңес сұрағанда, олар «аузы дуалы бір қарттың батасын алу ке-
                рек» деген кеңес беріпті. Осы кеңеспен дүйім жұртты шарлатып,
                ең ақырында жасы жүзді алқымдаған, сақал, шашы күмістей бір
                қарияны тауып келіп, аша тұяқ көкқасқаға бата жасатады. Ба-
                таны ауру балаға сұра тады. Сонда қария: «Аша тұяқ көкқасқа,
                жеткізе көр мың жасқа. Аларыңнан танбассың, осы жолы бір
                таста!» – деп, бата берген екен. Қарияның батасы қабыл болып,
                бала сырқатынан ада-күде айығып кетіпті.
                    «Қанатты сөз – қазына».




              22
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29