Page 26 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 26

Осының  бәрінен  де  сөй-
                                                      леушінің  өз  хабары  өзіне  қан-
                                                      дай әсер еткенін білдіретін  ама-
                                                      лы – сөздің әні, дауыс сазы. Ол
                                                      өзінің  қуанғанын,  күйінге нін,
                                                      опынғанын  немесе  бұл  хабары
                                                      өзіне  түк  әсер  етпегенін  –  осы-
                                                      ның бәрін тек даусын құбылтып,
                                                      сазын  түрлендіріп  қана  білдіре
                                                      алады.
                                                                     (Құдайберген Жұбанов)

                        6-тапсырма.  Сөйлеу  дегеніміз  не?  Қ.  Жұбановтың  пікіріне  сүйеніп
                        айтың дар.

                        7-тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын айы-
                        рып, синоним не антоним екенін жазыңдар.
                        8-тапсырма. Сөйлеу өнерінің заңдылықтарын зерттеп, әлемде мойын-
                        далған  Дейл  Карнегидің  сөзіне  назар  аударыңдар.  Осы  заңдылыққа
                        сәйкес диалог құрастырыңдар.
                    Адам баласының мінез-құлқына  тән маңызды бір заңдылық
                бар. Осы заңдылыққа бағынсақ, біз ешқашан да қателеспейміз. Егер
                осы заңдылықтың шарттарын бұлжытпай орындасақ, біз көптеген
                достар тауып, шексіз бақытқа ие бола аламыз. Ал орындамасақ,
                көптеген қиыншылықтарға кезігуіміз мүмкін. Ол заңдылық бы-
                лай:  қашанда  өзіңізбен  әңгімелесуші  адамды  оның  өмірде  ала-
                тын маңызды орны бар екендігіне сендіріңіз. Профессор Уильям
                Джеймс: «Адам табиғатына тән басты ерекшелік – адамдардың өз
                қадір-қасиетіне  қарай бағалауына деген терең ұмтылысы», – деп
                жазды. Біздің жан-жануарлардан айырмашылығымыз да – осы
                ұмтылыс. Өркениеттің де түп-та мыры осында жатыр.
                    Сіз  өзіңіз  араласатын  адамдардың  сізді  қолдағанын,  қол
                жет кізген  жетістіктеріңізді  мойындағанын  қалайсыз.  Сіз  өзі-
                ңіз  өмір  сүріп  отырған  ортада  өзіндік  орныңыз  бар  екендігін
                сезінгіңіз келеді. Сіз түкке тұрмайтын арзан мақтауды, өтірік
                жағымпаздануды емес, шын көңілмен айтылған бағаны естігіңіз
                келеді. Сіз айналаңызда жүрген достарыңыз бен әріптестеріңіз-
                дің  Шваб  айтқан  «шын  жүректен  баға  беруін  және  мақтауын
                аямауын» қалайсыз.
                    Сондықтан  жоғарыда  айтылған  алты  ережеге  сүйеніп,  бас-
                қаларға өзіміз олардан алғымыз келген нәрсені беруіміз керек.




              24
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31