Page 30 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 30
Неолит дәуірінде өру, иіру және тоқу кәсібі дамып, иықтан,
мықыннан киілетін киім түрлері пайда болған. Еңбек бөлінісі
кү шейіп, адамдар мал, аң терілерін илеп, мәнерлеу, жүн иіру,
то қыма тоқу, бояу жасап, тас күйдіріп, металл өңдеуге қол жет-
кізген замандарда киім-кешек түрлері де кемелдене, түрлене
түс ті.
Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері
сақ дәуірінен бастау алады. Көшпенділер адамзат тарихында
атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен
екі өңірі ашық, қаусырылатын кеуде киімі – шапанды адамзат
өркениетіне қосқан.
XX ғасырдың басында қазақ зиялылары Еуропаның киім кию
дәстүріне еліктей бастады. Олар костюм-шалбар, қайырмалы
жағалы ақ жейде, галстук тағуды әдетке айналдырды. Шапанды
тастап, пальтоға көшті, атқа мініп жүрмей, күймеге отырды.
Ұлттық киімдер олар үшін, яғни өздерін ақсүйектер деп ата-
ғандар үшін ада болды.
(«Қазақ халқының ұлттық киімдері» кітабынан)
5-тапсырма. Суреттерге қарап, адамзаттың тас дәуірінде, неолит
дәуірінде киген киімдеріне түсінік беріңдер. Бүгінгі күнге дейін киім
кию мәдениеті қалай өзгерді?
6-тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.
Киім, қоршаған ортаның, әсерлерінен, киім тігуге, ағаш, жа-
санды, өнім, материалдар, кең, бұйым, сәнді, сапарға шыққанда,
қымбат маталардан, қазақ салтында, күйеу киімі, бойжеткен
киімі, шапан, тымақ, жасалады.
28