Page 33 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 33
Туынды сөздер
лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер
Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы деге ні-
міз – сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ, жаңа мағыналарға ие
болуы. Мысалы: ақ: 1) ақ (ағу – бастапқы мағына); 2) ақ
(ақ жіп, ақ сүт – түсті білдіретін бастапқы мағына); 3) ақ –
жаңа мағына (сүттен жасалатын тағамның атауы).
Айдар: 1) ерекшелікті көрсету үшін әскери баскиімнің
үс тіне жасалатын бөлігі (бастапқы мағына); 2) баланың ша-
шын алғанда «көз тимесін» деп маңдай шашын немесе төбе
шашын әдейі алмай қалдырған шоқ шашы; 3) баспасөзде,
теле радиохабарларда берілетін жаңа тақырыптар (жаңа
ма ғына).
Қазақ тілінде осындай жолмен жасалған сөздерге көп
ма ғыналы және омоним сөздер жатады.
Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздер
Түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғанғанда
жаңа мағыналы сөздер жасалады. Мысалы: кес+пе, сүз+бе,
көр+ме, қаш+қын, тас+қын, өр+мек, ек+ін (егін), жең+іс,
біл+ім, қуан+ыш, ал+ғыр, қол+да, ақ+та, сөз+ле (сөйле),
тоң+ғақ, т.б.
31