Page 38 - ҚАЗАҚ ТІЛІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА
P. 38

лып  шықты.  Кешкі  самал  жел-
                                                    пігендей,  сары  сағым  жү зіп  өт-
                                                    кендей,  алақанмен  си пағандай,
                                                    көл дің  майда  тол қынындай,  қол
                                                    соз ға ны көзге ұрмайтын, оқыс қи-
                                                    мылы сезілмейтін, бұ лақ тай таза,
                                                    құрақтай майысқан қы лықты қи-
                                                    мыл көз алдынан көпке дейін жу-
                                                    ылмас-ау!  Қа зақ  шайының  салт-
                                                    дәстүрі ұмытылмас-ау!
                                                        – Шырағым, қылықты қызме-
                тіңе  ризамын,  талабың  жансын!  Перзентті  бол!  –  деп  Елбасы
                ризалық сезімін білдіріп, алғыс  айтты.
                    Ислам-ака қалыспай өз жосығын жасауға асықты. Дастарқан
                басынан тұра салып, есік сыртында аңдысын аңдып тұрған кө-
                мекшісін шақырды. Қол сөмкесін ашқызды. Ішінен лағыл түсті
                жібек  орамал  шашылды.  Бір  шетінен  шымши  ұстап  көтерген
                Ислам-ака:
                    – Мынау қалыңдыққа арнап тоқылған Хиуа жібегі, Хиуаның
                жібек орамалы! – деп құлашын кең жайған кезде, біраз жерді
                алып  кеткен  лағыл  орамалды  «Кел,  қарағым»,  –  деп,  жақын
                келген келіншектің иығына жапты.
                                                           («Жұлдыз» журналы, № 6, 2004)

                        6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, әңгімені қалай айтуға болатын-
                        дығын талдаңдар.

                    1)  Автор  әңгімені  бастамас  бұрын  қандай  сөйлеммен  оқыр-
                манның назарын аударды?
                    2) Әңгіме әрі қарай қалай өрбіді? Негізгі бөлімде қандай оқи-
                ғалар орын алды?
                    3) Әңгіменің аяғы немен бітті?
                    Айсұлу сыйлыққа алған лағыл түсті жібек орамал  Ислам-
                аканың биік талғамын  көрсете ме?


                        7-тапсырма. «Адамның адамға деген қызметі қымбат. Кісінің кісіге
                        деген ықыласы ерекше» деген жолдарды түсіндіріңдер.
                        8-тапсырма. Суретке қарап, жігіттер мен қыздардың сыртқы киімдерін
                        жарнамалаңдар. Жарнама мәтінінде суреттеу болсын.





              36
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43